Регресс(лат.rеgressиs-кері жылжу)- қоғам дамуының бәсең тенденциясын және қоғамның жоғарыдан төменге өтуін көрсетеді. Бұл бағыт өндіріс пен адамдардың тұрмыс деңгейінің қарқынының төмендеуінен, қоғамда ішкілікке, нашақорлыққа салыну, тұрғындардың денсаулығының төмендеуі, өлімнің көбеюі және т.б келіп шығады.
Қоғамдық прогресстің жалпы адамдық критерийі-қоғамдық құбылыстың адамның адамдық табиғатына, оның жан-жақты еркін даму қажеті мен мүддесіне объективті түрде сәйкес келуі немесе сәйкес келмеу дәрежесі. Марксист емес социологтар мен тарихшылардың бірқатары қоғам дамуының прогрессивтік сипатын мойындамайды. Мысал ретінде”мәдени-тарихи тип теориясы” дегенді алуға болады. Бұл теорияның негізін салған Ресей социологы Н.я.Данилевский дүниедегі халықтарды “тарихи” және “тарихи емес” деп екіге бөлді. “ Тарихи емес” халықтар “өзіндік цивилизация” жасап, тарихи процестің субъектісі болуға қабілетсіз болады, ал тарихи халықтарға, айрықша мәдени-тарихи цивилизацияға қабілетті халықтарға славяндар, гректер,, роман-герман халықтары сияқты 13 халық жатады. Бұл “тарихи” халықтарды бөліп алудың негізі мынадай 4 белгіні ұштастырып көрсету дейді ол: дін, мәдениет, саяси және қоғамдық экономикалық құбылыс.
Әлеуметтік қозғалыстар даму формасына қарай әлеуметтік эволюция және революция және реформа болып бөлінеді.болып бөлінеді.
Әлеуметтік институт ұғымы (лат: “instititum” –“айқындау”, “қондыру” деген сөзінен алынған.)-қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі. Әлеуметтік ғұрыптар мен санкциялар(уақытша тыйым салу) арқылы Әлеуметтік институттар )жанұя, мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектеп, мораль, құқық, спорт, дін,,әскер, денсаулық сақтау,мемлекет) қоғамда ұйымдастырушы, реттеуші, басқарушы, тәрбиелеуші қызметтерін атқарады. Әлеуметтік институт белгілі бір адамдар тобының мақсаты мен тұрақты қызметін жүзеге асыру тәсілі ретінде , қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде пайда болды. Егер топ дегеніміз- бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын индивидтер жиынтығы болса, ал институт дегеніміз-адамзат қызметінің анықталған салаларында ғана болатын әлеуметтік нормалар жиынтығы мен әлеуметтік байланыстар жүйесі. Тағы да бір анықтамасы, әлеуметтік институт дегеніміз қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін әлеуметтік нормалар мен байланыстардың ұйымдастырылған жүйесі. Бұл анықтама бойынша қоғамдық құндылықтар дегеніміз қоғамдық процеураларда бөлінетін идеялар мен мақсаттар, ал қоғамдық процедуралар дегеніміз топтық процестердегі стандартталған тәртіп үлгілері, ал әлеуметтік байланыстар жүйесі дегенімізсол тәртіп жүзеге асырылатын рольдер мен статустардың қиылысуы. Мысалы, отбасы институты мыналарды қамтиды, біріншіден қоғамдық құндылықтар жиынтығын, яғни махаббат, балаларға қарым-қатынас, отбасылық өмір, екіншіден қоғамдық процедуралар жиынтығын, яғни балаларды тәрбиелеу қамқорлығын, отбасылық ережелер мен міндеттерді, үшіншіден, ролдер мен статустардың қиылысуын, яғни ерлердің, әйелдер мен балалардың т.б отбасы мүшелерінің статустары мен ролдері.
Институционалдық формаларды олардың сфералары мен іс-әрекеттеріне байланысты әлеуметтік институттардың 4 түрін көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы әлеуметтік институт ретінде әртүрлі қызмет атқарады.
1.Экономикалық институт- белгілі бір ұйымдардың экономикасының нәтижелі дамуын қамтамасыз етеді.
2. Мәдени институт- қоғамның моральдық құндылықтарын қамтитын ғылымның, білімнің, өнердің дамуын қамтамасыз етеді.
3. Саяси институт- қоғамда басқару мен биліктің құрылуын қамтамасыз етеді.
Отбасы-әлеуметтік жүйенің алғашқы және соңғы , маңызды құрылымы болып табылады. Отбасыда жеке тұлға ретіндегі адам тәрбиеленеді.
Әрбір әлеуметтік институт бірнеше әлеуметтік-мәдени элементтерді қамтитын күрделі әлеуметтік жүйе болып табылады. Бұл элементтерді 5 негізгі топтарға бөлуге болады.
рухани-идеологиялық элементтер . Мыс, махаббат, сенімділік, бейбіт отбасын құруға ұмтылу т.б
материалдық элементтер- үй, пәтер, жиһаз, көлік
мінез-құлық элементтері – сыйластық, шыдамдылық, компромисске дайындық,сену, өзара көмек т.б
мәдени –символикалық элементтер – неке заңдылығы, неке жүзігі т.б
ұйымдық-құжаттық элементтер –жанұя құқығы, некеге тұрудың азаматтық актісінің жүйесі, неке және туу туралы куәліктер, алименттер т.б.