Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Ақпарат ұғымы мен түрлерін анықтау. Көптеген оқушылар



бет5/12
Дата14.01.2023
өлшемі6,1 Mb.
#61279
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
РРT Информатика 1-тоқсан 9-сынып (1)

Оқулықпен жұмыс:
Мұғалім түсіндірмесі Оқушыларға Google Drive-та құжатты бірлесе өңдеу
қызметі туралы ұғымдарын қарапайым түрде түсіндіру керек.
Компьютермен жұмыс
1. Word-та жасалған құжаттың бірін таңда.
2. Бұл құжатты Google Drive қоймасына жүкте.
3. Жүктелген құжатты Google Drive-та редакцияла.
Компьютермен жұмыс:
1. Интернетте www. google.kz серверін іске қосып, өз аккаунтыңды белсенді ет.
2. Адрес алаңына https://drive.google.com/ адресін теріп, Google Диск серверін іске қос.
3. Сервердің оң жақ жоғары бұрышында Google Қосымшалар (Приложения Google) батырмасын бас (1- сурет).
4. «Ата-аналар жиналысының бағдарламасын» мәтіндік редакторда жаса. Ол үшін Құру (Создать) батырмасын бас (1-сурет). Ашылған мәзірден Google Документы командасын таңдап, құжатты редакцияла.
5. Берілген тапсырма мәтінін енгіз. Редактор терезесінде орналасқан құралдарды пайдаланып, өз қалауың бойынша мәтінді пішімде.
Компьютермен жұмыс:
6. Файл – Переименовать командаларын орындап, жасалған файлдың атын «9-сынып ата-аналар жиналысы» атауымен қайта ата.
7. Үнсіздік бойынша, жасалған файл тек құжат иесіне ғана қолжетімді болады. Құжатқа барлық қолданушыларға қолжетімді болу үшін редактор
терезесінде Қолжетімділікті Баптаулар (Настройки доступа) командасын орында.
8. Ортақ қолжетімділік (Совместный доступ) терезесінен құжатты бірлесе өңдеуге шақыратын пайдаланушылардың электрондық пошталарын енгізіп, Жөнелту (Отправить) батырмасын бас. (2-сурет).
9. «Ата-аналар жиналысының бағдарламасын» сыныптастарыңмен бірге өңдеулеріңе болады.
Дескриптор
Мәтіндік редакторда жасалған құжатты Google Drive қызметіне ауыстырады;
Құжатты бірлесіп өңдейді.
Топтық жұмыс
Сыныптастарыңмен бірлесіп өңдеуге арналған құжатты жоспарлаңдар.
Құжатқа тақырып таңдап, құжатты өңдеуді өзара бөлісіңдер.
Дескриптор
Google Drive-те құжатты бірлесіп өңдейді. Шағын эссе.Құжатты бірлесіп өңдеудің тиімділігі мен кедергілері туралы шағын эссе жазыңдар. Оқушылардың жұмыстарын бағалау кестесіне балл қою арқылы бағалау.
1. Web 2.0 қызметінің Web 1.0 қызметінен қандай айырмашылығы бар?
2. Google Docs қызметі қандай бұлтты қызметтер ұсына алады?
3. Google Drive бұлтын пайдалану қандай алгоритмдерден тұрады?
4. Құжатқа барлық Интернет қолданушыларға қолжетімді болу үшін қандай командаларды орындау керек?
«Табыс сатысы» әдісі
Оқушылар не білемін, не білдім, не білгім келеді?
Сатыларына өз пікірлерін жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет