Рефлексия Тақырып бойынша тест дайындап келу.
Үй тапсырмасы
Назарларыңызға рақмет!
Сабақтың тақырыбы Желілік этикет
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 9.4.2.1 - желіде жұмыс істеу барысында этикалық және құқықтық нормалардың бұзылу салдары туралы ой қорытып айту
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Желілік этикет ұғымы мен ережелерімен танысу.
Көптеген оқушылар: Чаттардағы желілік этикеттерді анықтау
Кейбір оқушылар: Желілік этикеттің қолданылу қажеттілігін тұжырымдау.
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу.
Ой сергіту
«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы. Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып,
«Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... Қайырымды адамсыз», – дейді. Әр қатысушы жүрекшені алып,
жалғастырады. Бірақ бір оқушы айтқан тілекті басқа оқушы қайталамауы керек. Қайталаса айыбын өтейді.
Айтылған сөздің авторының тапсырмасын орындайды.
Үй тапсырмасын пысықтау Оқушылар өткен тақырып бойынша дайындап келген тест тапсырмаларын бір-бірлеріне береді. Жауаптарын бірге талдайды. Бір-бірлерін бағалайды.
«Миға шабуыл»
Желіде жұмыс жасағанда қандай ережелерді ұстанасың?
Этикет, желілік этикетті қалай түсінесің?
Авторлық құқық, плагиат дегеніміз не?
Оқулықпен жұмыс: Суреттерді мұғалім түсіндірерде миға шабуыл сұрақтарын пайдаланады. Бұл жерде мұғалім балалардың күнделікті тұрмыста үлкендерден көріп жүрген компьютерде файл, бума, жарлықтармен жұмыс жасау сәттері жайлы әңгімелеуге шақырады.
-мұғалім интербелсенді тақтадан
Әдістемелік түсіндірме бойынша жұмыс жасайды. Балалар мұғалімнің айтқан қадамдарын бірлесіп орындайды.
Топтық жұмыс «Айналдыру» әдісі
1-топ: Желіде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен желілік этикет.
2-топ: Электронды поштада хат жазудағы сыпайылық ережелері.
3-топ: Чаттардағы желілік этикет.
Дескриптор Желілік этикет ережелерін анықтайды, салыстырады.
Компьютермен жұмыс
Электронды пошта арқылы бір-бірлеріңмен қызмет төңірегінде танысып, мәліметтер алыңдар.