Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Ақпарат ұғымы мен түрлерін анықтау. Көптеген оқушылар



бет3/12
Дата14.01.2023
өлшемі6,1 Mb.
#61279
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу.
Ой сергіту жаттығуы және топ құру:
«Атомдар мен молекулалар» ойыны.
Мұғалім «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке- дара жүреді де, «молекулалар бесеуден» немесе
«молекулалар үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады.
Үй тапсырмасы
«Мен саған, сен маған» әдісі
Оқушылар өткен сабақта берілген зерттеу жұмыстарын жұптасып бір-бірлеріне түсіндіріп береді.
Ауызша мадақтау, ынталандыру
«Миға шабуыл»
  • Бүгінгі таңда деректерді жойылып кетуден сақтаудың қандай сенімді әдістерін білесің?
  • Үнемі қолданбалы программалардың жаңа нұсқаларын және соңғы үлгідегі компьютерлер сатып алуға кететін шығынды азайтудың қандай әдістерінен хабардарсың?
  • Өзіңнің деректеріңді әлемнің кез келген түкпірінде өңдеудің қандай мүмкіндіктері бар?

Оқулықпен жұмыс:
Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды. (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).
Топтық жұмыс:
Кестеде берілген мәліметтерге сәйкес бос ұяшықтарды мәліметпен толықтыру
Дескриптор
Бұлттық технология ұғымымен танысады.
Бұлттық технология түрлерін анықтайды.
Компьютермен жұмыс:
Дескриптор
1. Бұлтты технологияның артықшылығы мен кемшілігін салыстырады.
2-тапсырма. Google-құжат. Информатика сабағында газет шығару
Берілген тақырып бойынша ұжымдық өңдеу жүргізіп, материал жинап, құжат дайында. Газеттің тақырып атауын таңдау, шығу күнін және нөмірін қою, авторлар атын және мекенжайын көрсету. Әр топ мақала атын қойып, сурет, цитата кірістіру, негізгі мақалаларын қалыптастыруы тиіс. Жұмысты орындау барысында топтың мүшелерінің идеяларын талдау, оларды бірігіп
өңдеу, шығармашыл идеяларға қолдау көрсетіп отыру.
Компьютермен жұмыс:
3-тапсырма.
Google презентация. Бұлттық технологиялар Google презентация қызметі көмегімен «Бұлттық технологиялар» тақырыбына (ортақ қолжетімділік
режімінде) ұжымдық немесе кіші топта презентация құру. Слайд тақырыбын анықтап, мәтін түсін таңдап, әртүрлі слайд макеттерін қолданып жасаған
презентациясын Показ слайдов режімінде көрсетуі тиіс.
Жұптық жұмыс
Компьютер программаларына тікелей қолжетімділік пен бұлтты қолжетімділікті салыстырып талда. Олардың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктерін сарапта.
Шағын эссе жазу
Бұлттық технологияның дамуының бүгіні мен болашағына баға беріңдер.
1. Бұлттық технология дегеніміз не және оны қандай мақсатта қолданады?
2. Бұлттық технологияның қандай артықшылықтары мен кемшіліктерін айтуға болады?
3. Қандай бұлтты қызмет түрлерін білесің?
4. «Есептегі бұлттар» дегенді қалай түсіндіресің?
5. «Есептегіш бұлттардың» қандай түрлері бар?
6. Google бұлттық қызметінің қандай түрлерін айта аласың?
Бүгін не үйрендім? Көңіл күйім қандай болды? Неден
қиналдым? Үйде нені қайталаймын?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет