Барлық оқушылар: Программа, программалық қамсыздандыру ұғымымен танысу.
Көптеген оқушылар: Программалық жабдықтардың түрлерін анықтау.
Кейбір оқушылар: Компьютерді қолдануда программалық қамтамасыз етудің қажеттілігін
тұжырымдау
Ұйымдастыру кезеңі: Ой сергіту
«Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сендерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін.
Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сенің қолыңда піл деп жазылған болса, сен тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін білесің. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады). Сенің текшеңде не жазылғанын оқы. Жазуды сен ғана көруің керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсыңның міндетің – өз сыңарыңды табу. Бірақ сөйлеспейсіңдер, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез келген әрекетті үнсіз жасайсыңдар. Егер өзіңнің жұбыңды тапсаң, бірге тұрыңдар, бірақ үндемейсің, сөйлеспейсіңдер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Үй тапсырмасын пысықтау Оқушылар «Компьютердің конфигурациясы» тақырыбы бойынша жасаған жобаларын түсіндіреді, топта талдайды. Оқушылардың іс-әрекеттерін ауызша мадақтау, қолдау көрсет
«Миға шабуыл»
Компьютеріңде қандай программалар орнатылғанын білесің бе? Қалай білуге болады?
Қандай операциялық жүйелермен және олардыңнұсқаларымен таныссың?
Компьютермен жұмыс жасауда оған орнатылған программалық жабдықтамалардың сипаттамаларын білу қаншалықты маңызды деп ойлайсың?
Оқулықпен жұмыс: -Жеке оқып, топта талқылайды.
Мұғалімнің түсіндірмесі. (Бейнежазба, слайд материалдарын
қолдану.)
Кестемен жұмыс:
Оқулықпен жұмыс: Сәйкестендіру
Кестедегі мәліметтерді сәйкестендіріңдер