(МК;Ө;Қ) Өлеңнен заттың қимылын білдіретін сөздерді тапқызып, ол сөздерге сұрақ қойғызу.
Дескриптор:
Заттың қимылын білдіретін сөздерді ажырата алады.
(МК;Ө;Қ) 2-жаттығу. Оқулықтағы жаттығу жұмысын №2-жұмыс дәптеріне орындату. Өлеңді көшіріп жазғызу. Заттың қимылын білдіретін сөздерді ажырата алуын және орынды қолдана білуін тексеру.
Заттың қимылын білдіретін сөздерді тапқызу. Астын сызғызу.
Дескриптор:
Заттың қимылын білдіретін сөздерді ажырата біледі.
(МК;Ө;Қ) 3-жаттығу. Оқулықтағы жаттығу жұмысын №2-жұмыс дәптеріне орындату. Оқушылардың сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау. Жазған сөздерін оқытып, жазылуын есте сақтауын ескерту.
Дескриптор:
Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
(Ө;Қ) №2-жұмыс дәптерімен жұмыс ұйымдастыру. Дәптердің 34-бетіндегі тапсырманы орындату. Баспана атауын тауып, жазғызу. Суретті бояту. Жұмыстарын топта жариялатып, дәлелдеулер жасату.
Дескриптор:
Ой ұшқырлығын, иллюстартциясы бойынша болжайды.
(МК;Ж;Т;Қ)4-жаттығу. Оқулықта берілген тапсырма бойынша іздену жұмыстарын жүргізу.
Оқушыларға диалог құруға негізделген сұрақтар дайындату. Бірі футбол добы, бірі волейбол добы болып диалогке түсуін жүзеге асыру.
Оқушылардың жұмыстарын топта жариялап, өз іс-әрекеттеріне «Бағдаршам» әдісі арқылы рефлексия жасату.
Доппен ойнайтын тағы қандай ойындарды білесіңдер?
Ойын шарты қандай?
Ойынның тиімділігі туралы өз ойын айтып, дәлелдеулер жасай алуына ықпал ету. Көңіл күйді білдіретін «Смайликтер» әдісі арқылы жұмыстарын бағалату.