«Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы фасоль салынған қалташаны лақтыру әдісі арқылы өткен сабағымызды еске түсіріп қайталап алайық. Мен сендерге қалташаны лақтырып сұрақ қоямын сендер сұраққа жауап беріп отырасыңдар. Олай болса ойынымызды бастайық.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді ?
- Қандай болып бөлінеді ?
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
- Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
- Әріп дегеніміз не?
- Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
- Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
Өткен сабаққа шолу. - Өткен сабақта біз қандай дыбыс, қандай әріппен таныс болдық?
- Ә дыбысы қандай дыбыс?
1 - тапсырма: Ойын: «Кім тапқыр?» Құрамында Ә дыбысы бар сөздерді табу.
«Екінші буыным қайда?» ойыны арқылы суреттегі сөздердің екінші буынын табасыңдар.
Балалар, қараңдаршы, ж дыбысының таңбасы неге ұқсайды?
Көбелекке кәдімгі,
Қарасаңыз анықтап.
Жаны бар ж ұшып жүр,
Жапырақша қалықтап. Көбелектің суретін көрсету.
І топқа — Іші тоған шәрбат,
Дәмі қандай әйбат,
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты- …( жүзім )
ІІ топқа
ІІІ топқа -Құйрығы он қарыс,
Бұл - айбатты …(жолбарыс )
Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
(МК; Ө; Т; Қ) Мәтінді жалғастырып, сызбалардың көмегімен әңгіме құрастырту. Мұғалім әр сөйлем бойынша сұрақтар қойып, жауап алады. Оқушы жауапты әр суреттегі сызбаның көмегімен береді. Мысалы,
1-сөйлем бойынша:
– Олар бізге не береді?
– Олар бізге жем, шөп береді, т.с.с.
Мәтін бойынша талдау жұмысын жүргізу.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтатып, қарама-қарсы сөзді тапқызу.