Ширату жаттығуы Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз.
Ренжісуді білмейміз.
Жарайсыңдар балалар. Орындарыңа жайғасыңдар.
— Балалар, біздің бүгінгі сауат ашу сабағымыз ерекше өтеді.. Әр дұрыс жауаптарыңа жұлдызша беріліп отырады.
Бұл сабағымыздың ережесі бар, сол ережелерді есімізге ұстап орындауымыз қажет.
Ережелер : 1.Тыныштық сақтаймыз.
2. Сұрақтарға дұрыс жауап береміз.
3. Бір-бірімізді тыңдаймыз.
4. Өз ойымызды ашық айтамыз.
5. Жауап толық болмаған жағдайда топ мүшелері толықтырады.
Сабағымызды « Ынтымақсыз іс бітпес» деген ұранмен бастай отырып, сіздерді ұйымшылдыққа, ынтымақтаса жұмыстануға шақырамын.
Ерте - ерте, ертеде алыс - алыс жерлерде «Ғажайыптар» мекені болыпты. Ол мекенде неше түрлі аңдар болыпты. Олардың бәрі бір үлкен сиқырлы ағашты күзетеді екен. Ал ағашқа тек білімді адамдар ғана жақындап, жемісінен дәм тата алады екен. Бұл ғажайыптар мекені қазіргі кезде де бар екен, біз бүгінгі сабағымызда сол сиқырлы ағашқа барып, өз білімімізбен жемісінен дәм татсақ қайтеді?! Бірақ бізге аңдар кедергі келтіруі мүмкін, ал білімімізді көрсетсек олар бізді жібереді, тіпті жол көрсетеді. Олай болса сапарға шығайық.
Шумақ өлең айту. Саяхатта бүгінгі,
Күннің нұры төгілді.
Аңдарменен дос болып,
Көрсетеміз білімді.