Жұмбақ шешу. Тұрады ылғи сөреде,
Іші толған өнеге. (кітап) - Кітап бізге жол көрсетеді.
1 - тапсырма. Кітаптың тапсырмасы.
Өткен сабаққа шолу жасау, сұрақтар қойылып, жауап алу.
- Дыбыстар деген не?
- Әріптер деген не?
- Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
- Өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?
- П – қандай дыбыс?
(МК; Ө; Қ) «П» дыбысы және әрпімен таныстыру. «П» дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында, аяғында келу үлгілерін көрсетіп, таңбасын үйрету.
«Айна» ойыны бойынша дыбыс артикуляциясын қою арқылы п дыбысы дауысты не дауыссыз екенін оқушылар өздері қорытынды жасап, ажырата алатындай болуы қажет.
Сюжетті суретте берілген «апа», «қақпан», «кептер», «апан», «пана», «парта» сөздерін тұтастай оқытып, бұл сөздермен сөздік және буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізу.
Жұмбақ шешу. Тік жардай түсті,
Шұбатылған Тұмсығы күшті.
Таситын жүкті, Бұл қандай мықты? (Піл) Пiл сөзіне дыбыстық талдау жасату.
2-тапсырма. Пілдің тапсырмасы. Сөздік диктант жазу. Піл, орман, аң, құс, бұлақ, қарға.
Жұмбақ шешу. Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын? (Түлкі)
3 - тапсырма. Түлкінің тапсырмасы.
Тақырыптағы сөзді шығару үшін өрнектердің мәнін тауып, соған сәйкес әріпті шығару.
2+1
2+2
6+1
3+2
4+2
3 --- 5 -- 4 --- 6 -- 7
К --- і --- р --- п – і Кірпі сөзі.
Жұмбақ шешу.
Тұмсығынан торайдың,
Тұмсығы бар аумаған.
Үстін түгел орайтын,
Тоны ине қаулаған. (Кірпі)
(МК; Ө; Қ) Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқып беру. Өлеңдегі негізгі ойды, автордың не туралы айтқысы келгенін түсіну білігін бағалауды жүзеге асыру. Өлең желісі бойынша сұрақтар қоя отырып, мазмұндату. Өлеңге ат қойғызу.
«Кірпі» сөзіне дыбыстық, буындық талдаулар жасату.
4 - тапсырма. Кірпінің тапсырмасы
Оқулықтағы мәтінді мәнерлеп оқу. Рөлге бөліп оқу.
Кестедегі сөздерді оқытып, п әрпінің орнын анықтату. Мәтін хормен, тізбектеп, жеке оқытылып болғаннан кейін мазмұны бойынша сұрақтар қою. Оқушыларға мәтіннің мазмұнын айтқызу.
Кірпінің сұрағына көжек қандай жауап айтты деп ойлайсың?
Мәтінде кездескен «әдемі» сөзіне мәндес сөздерді тап. Мысалы: жақсы, сұлу, т.с.с. Осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құра, сызбасын тақтаға сыз.