Пән: жаратылыстану
|
Мектеп: №36
|
Ортақ тақырып: Жер және ғарыш
|
Мұғалімнің аты: Құлбаева Г.
|
Күні: 25.01.2018.
|
|
Тақырыбы: Қазір ғарышты қалай зерттейді?
|
Қатысқаны:
|
Қатыспағаны:
|
Оқу мақсаты:
|
1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау
1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар:
|
Оқушылардың басым бөлігі:
ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшу аппараттарын сипаттайды;
|
Кейбір оқушылар:
қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізеді.
|
Бағалау критерийлері:
|
ерте заманнан бері ғаламды зерттеудің негізгі әдісі бақылау болғанын біледі;
|
құрылғылар мен ұшу аппараттарының не үшін қолданылатынын түсінеді;
|
расытханалардың қалай жұмыс істейтінін, қазіргі телескоптардың алғашқы телескоптардан айырмашылығын түсінеді.
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Ғарыш, расытхана
|
|
Талқылауға арналған сұрақ:
Адамдар ғарышты қазір қалай зерттейді?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, зиян келтірмеуге, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Ағылшын тілі, орыс тілі, көркем еңбек, логика
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт есебі
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
ресурстар
|
Басы
|
Ертеңгілік шеңбері
1, 2, 3,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты татаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
|
Писихологиялық дайындық
|
Ортасы
Соңы
|
(Ж) Кіріспе тапсырма. Блиц-турнир. Оқушыларды топтарға бөліп, оқулықтағы сұрақтарға жауап алу. Немесе алдын ала қарсылас топтарға “Ғарыш” тақырыбында бірнеше тапсырмалар ойлас тыруды тапсыру. Оқушылар ежелде ашылған астрономиялық жаңалықтарды еске түсіріп, оларды атап бере алады.
Телескоп.
Дүрбі туралы не білесіңдер?
Ғалым Галилео Галилей жайында айтып беру.
Оқулықтағы суреттерге назар аудар. Оларды салыстыр.
Алғашқы телескоптардың қандай кемшіліктері болған? Егер олар жауап беруге қиналса, сұрағымды “Тым алыстағы нысандарды ескі телескоптардың көмегімен көруге бола ма?” — деп нақтылай түсу.
Қайсысың қарапайым дүрбімен қарап көргенінсіңдер? Кескін анық болды ма?
Оқушылар “заманауи телескоптардың ұлғайтып көрсету мүмкіндігі мол, сондықтан кескіндері де нақты болады” деген қорытындыға келеді.
Жер қандай?
Ертеде адамдар Жердің пішінін қалай елестеткен?
(Т) Зерттейік. Оқушыларды төрт топқа бөліп, нұсқаулықтар беру.
1-топ. “Суретшілер” — зымыранның суретін салады.
2-топ. “Мүсіншілер” — оны ермексаздан жасайды.
3-топ. “Оригами” — зымыранның үлкен үлгісін қағаздан жасайды. (Нұсқаулық беріп, қажетінше көмек көрсету)
4-топ.“Тәжірибе”—зымыранды ұшырады. (Шыны ыдысқа құрамында көпіретін газы бар дәрілер салынып, оның бетіне қағаздан жасалған зымыран орналастырылады. Ол он секунд ішінде ұшады.)
Осы жұмысты орындағаннан кейін барлық топ мүшелерін жинау. Оқушыларға өздерінің орындаған жұмыстарын талқылап, қорытынды жасау үшін бес минут уақыт беру. Содан кейін қатысу шылардың таныстырылымдарын тыңдау үшін ортағ ашақыру. Әр топта өзара бағалау жасатып, тапсырма орындаудан алған әсерлерімен бөлісіп, алынған нәтижелер бойынша өз ойларын ортаға салу мақсатында оқу диалогін құру.
Мұғалім:
Ғарыш — бұл Жерді қоршап тұрған кеңістік. Оны зерттеу үшін телескоптар мен басқа да күрделі оптикалық құрылғылар қажет.
Жердің жасанды серіктерінің көмегімен метеорологиялық ақпараттар алынады, Күннің құбылыстарын бақылайды, ормандардағы өрттерді анықтайды. Ғарыш аппараттары Айда, Шолпанда, Марста болған.
Қазіргі уақытта әлемде ғарыш аппараттарын ұшыратын ғарыш айлақтары көп емес. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы да бар.
Расытхана (обсерватория) — астрономиялық құбылыстарды бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізетін арнайы мамандандырылған мекеме. Ағылшынның “бақылау” сөзінен шыққан.
Асы-Түрген расытханасы — климатты бақылауға арналған Қазақстандағы ең қолайлы бірден-бір расытхана.
Тянь-Шань астрономиялық расытханасы Үлкен Алматы көлінің маңайында орналасқан.
“Каменское плато” расытханасы Алматыдағы
В. Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтқа қарайды.
(Ө) Ойлан.
Жүзіп келе жатқан кемені кім бірінші көре алады: теңіз жағасында тұрған адам ба әлде биік ағашта отырған адам ба?
|