ІІІ. Жаңа сабаққа кіру: Батыр адамды тағы кім деуімізге болады?
Батыр бұл ҚАҺАРМАН адам
Қаһарман сөзінде бізге таныс емес қай әріп?
Һ әрпі
Жаңа сабақ: Һ әрпі мен Һ дыбысымен танысу. (тақтаға жазу, дыбысты айтқызу)
1.Суретпен жұмыс - Бұл ненің суреті?
- Айдаһар.
- Айдаһар сөзінде таныс емес дыбыс бар ма?
-һ дыбысы
- Бүгін біздің танысатын дыбысымыз неге ұқсайды?
-һ дыбысы –көмей дыбысын таңбалайтын әріп, қатаң дауыссыз дыбыс,сөздің ортасында кездеседі.
2.Буындық, дыбыстық талдау. 1 топ. Айдаһар сөзін дыбыстық талдайды
2 топ.Қаһар сөзін дыбыстық талдайды.
3 топ. Қаһарман сөзін дыбыстық талдайды
4 топ Қаһарман сөзін дыбыстық талдайды.
- Осы талдаған сөздеріңіздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
3.Оқулықпен жұмыс Бағандағы сөздерді оқыту.
Буындық, дыбыстық талдау жасау.
Мәтін «Батыр ата»
Мәтінді өз бетімен оқып шығу.
Мәтінді талдау.
-Бауыржан Момышұлы кім?
-Бауыржан Момышұлы қайда барды?
- Ол қандай адам болды?
4.Постер қорғау.
5.Мазмұнды суретпен жұмыс. Гауһардың бөлмесі Суреттің астындағы сөздер пайдаланып,сөйлем құрастыру.
Сурет бойынша сөйлем құрастыру
Сергіту сәті.
(МК; Т) Сюжетті суреттер арқылы қай ертегі екенін тапқызу. Оқушыларға «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» тақырыбындағы ертегінің мазмұнын айтқызу. Ертегіні құрастыртуда адам мен қарлығаштың достығы туралы оқушылардың айтуына ықпал ету. Оқушылар суреттерге қарап, қай ертегі екенін табады. Сурет бойынша әңгімелемес бұрын сұрақтар қойылады:
- Айдаһар жан-жануарларға қандай тапсырма берді?
- Түлкі дүниедегі ең тәтті нәрсеге нені жатқызды?
- Айдаһар дүниедегі ең тәтті нәрсені тауып келуге нені жұмсады?
- Масаға не жолықты? Маса оған не деп мақтанды?
- Қарлығаш масаға не істеді?
- Неліктен маса айдаһарға түсіндіре алмай, жылап жіберді?
- Айдаһар қарлығашқа не үшін ұмтылып, құйрығын тістеп үлгерді? т.с.с.с.