Спорт – денсаулық кепілі. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат қою
1.3. 8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:
Мұғалімнің көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою.
Оқушылардың көпшілігі:
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.