Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар



бет132/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137
Байланысты:
Математикадан Теңдік және теңсіздік тақырыбында сабақ жоспары 1 сынып

(Ұ) Балықшылар. Оқулықтағы иллюстрация бойынша заттардың орналасуын айтқызу. Оқушыларға сұрақтар қойып, сурет бойынша сөйлету, мысалы:

  • Сол жақта томардың үстінде не отыр? Оң жақта

ше?

  • Жоғарыда нелер көрінеді?

  • Ағаштың түбіндегі затты ата.

  • Жоғарыда сол жақ бұрышта не көрінеді? Оң жақта ше?

  • Төменде оң жақта не отыр?

  • Ағаштың үстінде не бар?

(Т) Шығарып көр.
- Тапсырмамен танысыңдар, орындау кезеңдерін және рөлдерін өз іштеріңде бөліп алыңдар.
Топтың әрбір мүшесіне төрт заттың біреуінің суреттің ортасындағы затқа қарағанда қалай орналасқанын анықтауды тапсыруға болады. Осылайша, әрбір оқушы тыңдаушының да, сөйлеушінің де рөлінде болады. Берілген тапсырманы деңгейлік тапсырмаға айналдыру үшін қосымша екі сұрақ ұсыну. Ол сұрақтар ортадағы затқа қарағанда басқа заттардың орналасу бағыты өзгеретіндей сұрақтар беру керек. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың қайсысы бағытты жақсы анықтай білетінін, ал кімге көмек пен қолдау қажеттігіне назар аудару.
(Ө) Орындап көр. Жеке орындаса, әрбір оқушы өзі отырған жерден құлтемірдің есікке дейін жүру бағытын көрсететін нұсқаулық жазады. Нұсқаулықта бүгінгі сабақта қарастырылып жатқан сөздерді пайдалану керектігін ескерту. Мысалы: алға қарай 3 адым, солға қарай бір адым т.с.с. Өз нұсқаулығы бойынша жанындағы көршісін есікке дейін бағыттап жүргізеді. Құлтемір рөліндегі оқушының көзі байланады.
(Ө) Ойлан. Тапсырманы әр оқушыға жеке орындатып, өз көршісімен бірге тексеруді ұсыну. Осындай сөйлемді бірнеше оқушыға өз көршілерімен бірлесіп, құрастыртуға болады.
Жауабы: көжек қонжықтың оң жағында отырады.
Көлік қозғалысының бағыты. Жүк мәшинесі солға, велосипедші мен мотоциклші оңға бұрылса, олардың бағытының қай жаққа өзгеретінін бағдар сызықпен сызып көрсету көзделеді. Денелердің бағытын көрсету керек болса, онда оқушыларға тапсырма қиындық туғызуы мүмкін. Алайда­ осындай қиындықтарды жеңу оқушылардың кеңістіктік­ ойлауын дамытуда едәуір көмек көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет