Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар



бет75/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   137
Байланысты:
Математикадан Теңдік және теңсіздік тақырыбында сабақ жоспары 1 сынып

(Ж) Орындап көр. Олардың міндеттері — ұсынылған сызба бойынша есеп құрастыру. Оқушылар сызба бойынша талқылау жұмысын жүргізіп, бүтін мен бөлік арасындағы өзара байланысты ескеріп, есептің мәтінін құрастырады. Оқушылардың ойына, есептің тақырыбын таңдауға шектеу қоймау керек. Бұл олардың шығармашылығын дамытуға септігін тигізеді. Оқушылардың қанша есеп құрастыра алғанына назар аудару. Әрбір оқушы бастапқы есепке екі кері есеп құрастыра алады.
(Ө) Шығарып көр. Егер бастапқы есеп азайту амалымен орындалса, оған құрастырылған кері есеп қосу амалының көмегімен шығарылатынын түсіну — берілген тапсырманы орындаудың мақсаты. Бұл қорытынды қосу мен азайту амалының өзара кері амал екеніне негізделген. Оқушылардың осыны түсінуі үшін есептің мәтінін оқып, шығаруды ұсынамын. Бастапқы есепте белгісіз бөлікті табу керек болса, кері есепте керісінше бүтінді табу көзделеді.


Мерекеге арнап бірнеше әуе шарын сатып алды. Оның 17 шары үрленді, 6 шары жарылып қалды. Барлығы неше шар қалды?
Шешуі: 17 – 6 = 11 (ш).
Жауабы: 11 шар қалды.
(Ж) Ойлан. Келесі тапсырма бәйгенің соңғы тапсырмасы болып есептеледі.
Оқушыларға берілген есепті оның шешіміне сәйкес келетін сызбаны таңдап алу арқылы шығаруды ұсынамын. Одан әрі кері есептер құрастырып, оларды шешуге сызба таңдап және есепті шығарып, оның шығарылуын ламинатталған парақтарға жазады. Беттерді бір-бірімен алмастырып, өзара тексеру жүргізеді.
Математикалық бәйгенің қорытындысын шығару. Бәйгеге қатысқан әр оқушыға “Есепті жақсы шығарғаны үшін!” деген жазуы бар медаль тағу.
Қосымша тапсырмалар
Кері есепті тап. Оқушылар қосумен шығарылатын тура есепке шешуі азайту амалымен шығарылатын екі кері есеп құрастыруға болады деген қорытындыны пысықтай түседі. Ал азайтумен шығарылатын тура есепке шешуі қосу амалымен және азайту амалымен шығатын кері есептер құрастыруға болады деген білімдерін бекіте түседі.
Жауабы:
27 + 8 = 35 марка.
35 – 27 = жануар бейнеленген 8 марка.
35 – 8 = спорт түрі бейнеленген 27 марка.
Сәбираның сүйікті ісі. Оқушылар ұсынылған есепті оның сызбасын салу арқылы шығарады. Содан кейін оқушылар өз бетінше кері есептер құрастырып, оны шығарады.
Жауабы:
14 + 5 = 19 ашықхат.
19 – 5 = гүлдің суреті салынған 14 ашықхат.
19 – 14 = жануар суреті салынған 5 ашықхат.
Оқушылардың тақырып бойынша меңгерген білімдерін тексеру мақсатында мынадай сұрақтар:
— Егер есептің шешуі 5 + 2 өрнегімен шықса, осы есепке кері есептің шешуі қандай болуы мүмкін?
— Егер есеп 5 – 2 өрнегімен шықса, кері есептің шешуі қандай амалмен орындалады?
— Қорада 6 қошақан, 4 лақ тұр. Қорада барлығы қанша төл бар?
Рефлексия.
Түсіндім – үлкен қызыл алма;
Кішкене түсінбей қалдым – орташа сары алма;
Түсінбедім – кішкене жасыл алма.

Есеп жазылған конверт

Оқулық


ламинатталған парақтар

қатты қағаздан жасалған медальдар


Жұмыс дәптері



Боялмаған алмалар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет