Сабақтың мақсаты: жаратылыстану ғылымдарының арасындағы химияның рөлін анықтау және пәнаралық байланысты қалыптастыра білу



Pdf көрінісі
бет16/56
Дата21.12.2022
өлшемі3,67 Mb.
#58600
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56
Байланысты:
УМКД

Магнетизм1) электр токтарының, токтар мен магниттік моменті бар 
денелердің (магниттердің) және магниттердің араларындағы өзара әсерлесудің 
ерекше түрі; 2) физиканың осы өзара әсерлесуді және осындай қасиеттер 
білінетін заттарды (магнетиктерді) зерттейтін бөлімі. Жалпы түрде 
магнетизмді қозғалыстағы электрлік зарядталған бөлшектердің арасындағы 
материалдық өзара әсерлесудің ерекше формасы түрінде анықтауға болады. 
Кеңістікпен бөлінген денелердің арасында магниттік өзара әсерлесуді 
қамтамасыз ететін, оны бір денеден екіншісіне жеткізетін – магнит өрісі.
Ол электр өрісімен қатар, материя қозғалысының электрмагниттік 
формасы білінуінің бірі болып табылады. Электр өрісінің көздері электр 
зарядтары болып табылса, ал магнит өрісі үшін ондай көздер табиғатта әзірше 
анықталмаған. Магнит өрісінің көзі – қозғалыстағы электрлік заряд, яғни 
электр тогы. Сыртқы магнит өрісінің заттарға тигізетін негізгі екі түрлі 
эффектісі (әсері) белгілі: 1) Фарадейдің электромагниттік индукция заңы 
бойынша, сыртқы магнит өрісі затта әрқашанда индукциялық ток тудырады 
және бұл токтың магнит өрісінің бағыты бастапқы магнит өрісіне қарсы 
бағытталады (Ленц ережесі). Сондықтан, заттың сыртқы өріс тудырған 


магниттік моменті сыртқы өріске қарама-қарсы бағытталады; 2) егер атомның 
магниттік моменті 0-ден өзгеше болса (спиндік, орбиталдық немесе спин-
орбиталдық), онда сыртқы өріс оны өз бағыты бойынша бағдарлауға 
ұмтылады. Нәтижесінде, магнит өрісіне параллель магниттік момент пайда 
болады, ол парамагниттік деп аталады. Атомдық магниттік моменттері бір-
біріне параллель бағдарланған заттар ферромагнетиктер (ферромагниттер), ал 
осыған сәйкес іргелес атомдық моменттері антипараллель орналасқан заттар – 
антиферромагнетиктер (антиферромагниттер) деп аталады. Заттардың 
магниттік қасиеттерін қарастырғанда “магнетик” деп аталатын жалпылама 
термин пайдаланылады. Заттардың магниттік қасиеттері оларды құрайтын 
бөлшектердің магнетизмімен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет