пропорционалдық коэффициент.k мөлшері электрохимиялық эквивалент деп
аталады.
k=M/(Naz|e|)
мұндағы z ион валенттілігі; М электродта бөлінген заттың молярлық
массасы; Na Авогадро тұрақтысы, |e|=1,6·10-19 Кл.
Фарадейдің екінші заңы.
Фарадейдің екінші заңы бойынша, өткен электрдің берілген мөлшерінде
реакцияға түскен заттардың массаларының қатынасы олардың химиялық
эквиваленттерінің қатынасына тең:
∆m1\A1=∆m2\A22=∆m3\A3=const
Элементтің химиялық эквиваленті сутегінің бір атомдық массасын
немесе оттегінің жарты атомдық массасын қосатын немесе алмастыратын
химиялық қосылыстарда 1\12 атом массасының C12болатын элемент бөлшегі
массасы қатынасына тең. «химиялық эквивалент» түсінігі қосылыстарға
қолданылады. Солай, қышқылдың химиялық эквиваленті сан бойынша оның
молярлық массасының негізіне бөлінуін айтамыз (сутегі иондарының саны),
негіздің химиялық эквиваленті-оның молярлық массасының қышқылдығына
бөлінуін (бейорганикалық негіздерде- гидроксильді топтардың санына),
тұздың химиялық эквиваленті- оның молярлық массасының катиондар немесе
аниондар зарядтарының қосындысына қатынасы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: