Егерде ауада, болмаса ауасыз кеңістікте пайда болған магнит өрісінде
белгілі бір денені орналастырса, онда әлгі біздің өрісіміздің түрі өзгереді.
Кейбір денелерде өтіп жатқан магнит ағыны күшейетін болса, енді
біреулерінде әлсірейді.
Қоршаған ортаға қарағанда магнит ағыны күшейетін денелерді
парамагнитгік заттар деп атаймыз. Ал магнит
ағыны әлсірейтін денелер
диамагниттік заттар деп аталады.Ауадағы магнит ағынымен салыстырғанда
денедегі магнит ағынының қанша есе рет өзгеретінін көрсететін шама заттың
салыстырмалы магниттік өтімділігі немесе жай гана сол заттың магниттік
өтімділігі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: