1. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, құрал-жабдықтарын тексеру. 2. Сергіту сәтін пайдалана отырып, сабаққа назар аударту. 3. Гүлдер арқылы топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Ақпараттық ресурстардың рөлі қандай? - Білім берудің ақпараттық ресурстары деген не? - Білім берудің электрондық ресурстарының қандай ерекшелігі бар? Олардың түрлерін атаңдар? - Білім берудің электрондық ресурстарын қалай табуға болады? - Өздерің осындай ресурс түрін пайдаланасыңдар ма?
ІІІ. Қызығушылығын ояту:
Ақпараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы туралы сұрау?
IV. Мағынаны тану:
І – ІІ топқа тапсырма беремін. І топқа Ақпараттық қамтамасыз етудің дамуы, ІІ топқа Программалық жүйелер тақырыптарын таратып беру
Джигсо2 әдісін пайдалану
V. Ой толғаныс:
- Дербес компьютердің ақпараттық қамтамасыз етілуіне не жатады? - Дербес компьютердің программалық қамтамасыз етілуі дегеніміз не? - Программалық жүйелер дегенді қалай түсінесіңдер? - Программалық жасақтама деген не? - Қолданбалы программалық жасақтама деген не? - Программалық конфигурация дегеніміз не?
Үш қадамды2 сұхбат әдісі арқылы.
VІ. Үйге тапсырма:
Ақпараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы
VІІ. Бағалау:
Сабақ барысындағы көңіл – күйлерін, алған әсерлерін, нені біліп, үйренгендерін жазады.Білемін, Үйрендім, Үйренгім келеді стратегиясы
Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату
Сабақтың мақсаты:
Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтиже:
1. Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату мен танысады; 2. Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырма орындауда тиімді пайдаланады. 3. Компьютерде дұрыс жұмыс істеу ережесін ұстануға үйренеді.
Оқыту технологиясы:
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, Ақпараттық – коммуникациялық технологиясы.