Сабақтың мақсаты Лексикалық тақырып бойынша кіріспе және бекіту



бет28/38
Дата15.11.2022
өлшемі133,32 Kb.
#50170
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
Ғылымның функциялары. Ғылым күрделі әлеуметтік функциялар атқарады. Бұл функциялар ғылымның өзінің дамуымен бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және ғылымның дамуына өзіндік әсерін тигізіп отырады. Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады:

  • мәдени-көзқарастық;

  • өндіргіш күштер функциясы;

  • әлеуметтік күштер функциясы.

Ғылым инновациялық даму негізі.
Қазіргі уақытта Қазақстан ресурсқа бағдарланған экономикадан инновациялық даму үлгісіндегі экономикаға көшудің бастапқы сатысында ғана тұр, оны шартты түрде 2кезеңге бөлуге болады.
І кезең 2003 жылы Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы қабылданғанда басталды. Ұлттық инновациялық жүйенің институционалдық базасы мен негізгі элементтерінің қалыптасуы соның нәтижесі болып табылады.
ІІ кезең 2010 жылы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданып, инновациялық экономиканы жеделдетіп құрудың экономикалық бағдарымен белгіленген. Бұл кезең инновациялық қызметті заңнамалық және қаржылық ынталандырудың күшеюімен сипатталады.
Ғылымның инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау шаралары:
- Ғылым және инженерлік қызметкерлер үшін әлеуметтік пакет әзірлеу;
- Ғылымды қаржыландыру механизмінің негізі мемлекеттік-жеке әріптестің болуы;
- Мемлекеттің тікелей қаржылық көмегі күшті ссалалық ынталандыру;
- Шикізат саласына бағытталған инвестициялардың мақсатты аударымдары есебінен ғылымды дамыту үшін қор құру:
- Ұлттық технологиялық даму агенттігінің болуы;
- Ғылым мен білім беру саласына, адами капиталға аса көп көңіл бөлу;
- Техникалық білім беру саласын жетілдіру;
- Жастар кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау;
- отандық инновациялық әзірлемелерді ендіру және нарықтарға алға жылжыту, сондай-ақ нақты техникалық және технологиялық тапсырмаларды шешуге өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктерінің деректер базасын және отандық зерттеушілер ендіру үшін ұсынылатын ғылыми-техникалық жұмыстарды құру және қолдау;
- Отандық тауар өндірушілерін және отандық жұмыс пен қызмет жеткізушілерін мемлекеттік қолдау.
Жаңа инновациялық саясат іске асқаннан кейін келесі нәтижелерді күтуге болады:
- өндірістік жүйедегі ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыра отырып, бәсекелік артықшылықтың ерекше түрімен ұлттық экономиканы жетілдіруде құрылымдық өзгерістер енгізу;
- халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейінің жақсаруы.
- адам капиталының дамуы, инттеллектуалды ұрпақтың қалыптасуы.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Инновация дегеніміз – ол тек заманауи озық технологияны қолдану емес, оны ойлап табу»-деді.
Міне, сонлықтан жаһандық даму мен өзгерістерге сай озық техника мен технологияны ойлап табуға атсалысу – әркімнің азаматтық борышы. Ал инновациялық экономиканың дамуы – ол жарқын болашақтың кепілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет