^Функциялық атипия-өспе шыққан ағзаның атқаратын қызметінің жоғалуымен, бұрмалануымен немесе оның реттегіш әсерлерге сәйкессіздігімен, бағынбаушылығымен көрінеді.Кейде өспе шыққан тін жасушаларына тән емес қызмет атқарады.Мәселен,бронхогендік обыр аденогипофиздің гормондарын,сүт безінің обыры тиреоидтық гормондарды өндіре бастайды.
Физикалық-химиялық атепия-өспе жасушаларында судың,калий иондарының мөлшері жоғарылайды да,кальций,магний иондары азаяды.Кальций иондары азаюдан өспе жасушаларының өзара жабысу қабілеті(адгезиясы)жоғалады
Морфологиялық құрылымы бойынша дәнекер тіндерінің өспелері және эпителий жасушаларының өспелері деп ажыратылады.Өспе жасушаларының жетілуіне қарай біртектес және біртектес емес болып бөлінеді.Өсу қасиетіне және жылдамдығына қарай қатерлі және қатерсіз өспелер болып бөлінеді.Қатерлі өспелерге эпителий жасушаларының өспесі обыр,дәнекер тіндерінің өспесі-саркома жатады.Қатерсіз өспелер шыққан тініне қарай,сол тіннің атына ома деген жалғау қосылып аталады. Мысалы фиброма, остеома, аденома, меланома, неврома, ангиома т.б.
1.Қатерсіз ісік – қасындағы ұлпаларды зақымдамай арасын кеңейтіп өседі, кейде капсуласы болады, организмнің өмірге қажет қызметін бұзбайды. Мұндай өсуді экспансиялық (лат.expansio-қысу,ығыстыру)түрде өсу дейді.
2.Қатерлі ісік – ауыр, созылмалы аурулар тобы, уақтылы дәрігерлік ем қолданбағанда өлімге әкеледі. қоршаған тіндерді ыдыратып,бас-көктеп тамырын жайып өседі(инфильтрациялық өсу,лат.in-ішке. filtration-сүзілу,жарып өту). Инфильтрациялық-инвазиялық (лат.invasio-еніп кету, баса көктеп кіру)өсу қатерлі өспелердің негізгі көрсеткіші.
Қасындағы ұлпаларға, лимфа түйіндеріне, алыс ағзаларға метастаз береді, организмнің гомеостазын бұзады.
Қатерлі өспелердің қатерсіз өспелерден тағы бір айырмашылығы – ол хирургиялық жолмен алып тасталынған кейін кейде өспе өсуінің қайталануы байқалады. өспенің қайталануы әртүрлі себептерден болуы мүмкін :
1.Хиргиялық тәсілмен өспені сылып тастағанда ,оның біраз жасушлары сау тін арасында сақталып қалы мүмкін. Бұл кезде өспе жасушалары сау тіндерге жасуша аралық сұйықпен түсуі мүмкін.
2.Науқас адамдарда өспені алып тастағаннмен зат алмасуының өзгерістері сақталып қалады. Бұл өспені туындататын заттардың түзілуіне және жаңа өспе ошақтарының пайда болуына әкеледі.
Қатерлі өспелер дамығанда , әдете адамның қатты арып-азап , жүдеуін байқауға болады. Мұны өспелік кахексия – организмнің қатты жүдеуі ,деп аталады. Бұл кезде адамның дене салмағы кемиді, терісінің түсі сары топырақ түстес сарғылт болады. Қанда анемия дамиды, нәруыздар, глюкоза азайады. Сонай-ақ обыр жасушаларының ыдырау өнімдерімен организмнің улануы болады, өспе елеусіз мөлшерде болып,ыдырау белгілері байқалмаса да,кахексия дами береді.
Суреттер бойынша жұмыс
(Қарастыру, әңгімелеу, пікірлесу)
Мынау темекінің никотинімен уланған адамның өкпесі. Мұнда адамның өкпесі темекі ысынан әбден уланған. Осылай біртіңдеп онкологиялық рак ауруына шалдығуы мүмкін.
Онкологиялық ауруларды атап көрсетейік
Құрғак гонгрена - Бүл ауру кезінде жүрек бір калыпты қан айналымын қамтамасыз ете алмайды. Аяқтың башпайлары суланып, көгере бастайды, осыдан аяқ жансызданады, оны кесуге тура келеді.
Ісік аурулары никотин уының тамырларға қатты әсер етуінен болады. Темекі түтінінің шамадан тыс әсер етуінен асқазан, ащы ішек ісік ауруына әсер етеді.
Міне балалар сендер мына көріністерді көрдіңдер, бұл жақсы нәрсе ме?.(жоқ)
Енді осы ауру жайлы қандай көзқарастарың бар. Сол жайлы өз пікірлеріңді айтып көрсетсеңдер.
5 Шығармашылық жұмыс
1 топ дені сау адамның суретің салады.
2 топ ауру адамның суретін салады
(Өз суреттерін әңгімелейді)
Оқулық Интербелсенді тақта
Флипчарт
Суреттер
Түсті қағаздар