Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақтың оқу мақсаттары шынайы болды.Бүгінгі сабақта оқушылар астың ауыз қуысында және асқазанда қорытылуытақырыбын жаңа әдістерді пайдалана отырып өз білімдерін жаңғыртты.Сабақ барысында сыныпта жақсы ахуал қалыптасты. Жоспарлаған саралау шараларытиімді болды,бірақ сабақ барысында қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмаларды күрделендіру керектігін түсіндім. Берілген уақыт ішінде сабақты толығымен үлгердім, дегенмен сәл асығыстау орындадық.
Сабақ барысында ешқандай түзетулер енгізген жоқпын,қалай жоспарланған болса,сол күйінде өтіп шықтым.
Менің сабағым өз жоспарлағанымдай өтті Астың ауыз қуысында және асқазанда қорытылуы жайында құнды мәліметтер жинады.
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. «Қос шеңбер» әдіс» (жұппен жұмыс) Бұл әдіс арқылы оқушылар шеңбер болып бір-біріне үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қойды.Қойылған сұрақтарға оқушылар жауап бере отырып өзара білім алмасты.
2. «Жауапқа сұрақ» әдісі Осы әдіс үй тапсырмасын қорытындылау кезінде оқушылар зерттеушілік әңгімеге түсті.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. «Сократ» әдісі Сабақта оқушылар тапсырманың мақсатын түсінді,топтық жұмыс жасай отырып ортақ ойды ортаға салды.
2. «Қарлы кесек» әдісі Бұл әдіс оқушылардың бүгінгі алған білімдерінен ой қорыта отырып,жинақтап тұжырымдады.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Кеспе қағаздар мен деңгейлік тапсырмалар дайындау керектігін түсіндім.