Айырмашылығы Н.Қ толық гидролиздеу кезінде анықталады. Н.Қ тізбегінде көмірсу мен ортофосфор қышқылының қалдығы бір бір імен эфирлік байланыс арқылы жалғанады да азотты негіздер көмірсу буындарына бүйірінен жалғанады.
Н.Қ әртүрлі құрылымдары болады.
Бірінші реттік құрылымында мононуклеотидтер белгілі бір тәртіппен орналасады.
Екінші реттік құрылымында макромолекулалардың кеңістікте қос шиыршық болып орналасуын көрсетеді. Бұл кезде молекулалар арасында және молекула ішінде сутектік байланыс арқылы әрекеттесулер болады. Сутектік байланыс белгілі бір жұп пиримидин және пурин туындыларының арасында түзіледі. Оларды комплементарлы жұптар деп атайды. Ондай жұптар: тимин (Т) – аденин (А) және цитозин (Ц) – гуанин (Г).
Үшінші құрылымы ДНҚ мен РНҚ ның кеңістікте шумақталып орналасуы.
Нуклеин қышқылының маңызы:
Олар организмдегі генетикалық ақпаратты сақтайтын және тасымалдайтын жасушаның маңызды құрам бөліктері болып табылады. Н.Қ нәруыз биосинтезіне қатысады және тірі организмде тұқымқуалаушылықты сақтап, оның бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. ДНҚ жасуша ядросының хромосомасында 99%, рибосомаларда, хлоропластарда болса, РНҚ ядрошықта, рибосомаларда, митохондрияда, пластидтер мен цитоплазмада кездеседі.
«Лезде сұрақ» немесе «Кім жылдам?» 1.Нуклеин қышқылдары дегеніміз не? – ол органикалық қосылыстар: ДНҚ, РНҚ.
2.ДНҚ-ның нуклеотидтері?
3.РНҚ-ның нуклеотидтері?
4. ДНҚ – неше тізбекті?
5. РНҚ-неше тізбекті?
І.Сәйкестігін анықта: ДНҚ генетикалық бағдарламаны тасымалдаушы.
РНҚ тірі организмдердің құрылымдық,қарапайым өлшем бірлігі.
Ядро генетикалық бағдарламаны сақтап,зат алмасу процестерін қадағалау.
Жасуша Шар тәрізді құрылым,басты элементы-хромосомалар.
.Сызықтық диктант «Қатесін тап»: дұрыс жауабы:+,дұрыс емес жауабы:- 1.Жасуша-тіршіліктің өлшем бірлігі.
2.Тіршілікті зерттейтін ғылым-биология.
3.Жасушаны зерттейтін ғылым-гистология.
4.Жасушалардың жиынтығы-ұлпа.
5.Қан-дәнекер ұлпаға жатады.
6.Жануарлар ағзасында 3 ұлпа түрі бар.
7.Ұлпа-мүшені түзеді.
8.Жануарлардың сыртқы жамылғысы жүйке ұлпасынан түзілген.
9.Жүйке ұлпасы-нейрон деп аталады.
10.Жүрек-жануарлардың тыныс алу мүшесі.