Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында
«Сұрақ ілмегі» әдісі қолданылады
1.Нефрон дегеніміз не ?
2.Ол қандай екі бөліктен турады.
3. Жауын құрттың бөліп шығару түтікшелері мен адам нефроны арасында қандай байланыс бар.
4. Абсорбция және іріктемелі реабсорция.
ҚБ. «Шапалақтау» әдісі арқылы жеткен жетістігін бағалап, ынталандыру мақсатында қолданылады
3 шапалақ түсіндім, 2 шапалақ толық түсінбедім, 1шапалақ түсінбедім
|
Гүл
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақ. «Кинометафора» әдісі арқылы бейне үзінді көрсету.Тақырыптың өзектілігін ашу үшін; Бүйректің жұмысына әсер ететін факторлар туралы бейнефильм көрсетіледі. Көрсетілімді көріп болған соң әр топ түсінгенін талқылайды.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (СБЖ) - іштен біткен және жүре пайда болатын бүйрек ауруларының салдарынан бүйректе склероз дамуы және бүйректің қызметінің төмендеуі. Қазірде СБЖ термині бүйректің созылмалы ауруы терминімен ауыстырылды (2002).
Созылмалы бүйрек аурулары (СБА) әртүрлі көп ауру салдарынан дамиды. Кейде оның қай аурудан кейін дамығаны кешірек анықталады, не белгісіз қалуы мүмкін. Соңғы кездегі мәліметтер бойынша ересек адамдарда СБЖ қант диабеті, артериалдық гипертензия және әртүрлі қантамыр зақымдалатын (васкулиттер т.б) аурулардан кейін жиі дамитыны белгілі болды. Аурудың түрі анық болса (гломерулонефрит түрлері, ЗЖИ, т.б.), әрі қарай бүйрек қызметі бағаланып, СБА-ның қай сатысы екендігі анықталады (55-кесте).
55 кесте
Созылмалы бүйрек ауруларының сатылары
Және оның критерийлері
СБА сатысы
|
Бүйрек қызметі
|
Шумақ фильтрация жылдамдығы (ШФЖ), мл/мин
|
I
|
қалыпты, не жоғары
|
≥90
|
II
|
аздап төмендеген
|
89-60
|
III
|
орташа төмендеген
|
59-30
|
IV
|
ауыр бұзылған
|
29-15
|
V
|
терминальды, диализдік кезең
|
<15
|
Шумақ фильтрациясын тез анықтауға балаларға қолайлы әдіс -Шварц формуласы:
40* х бойы,см
ШФ =
Қандағы креатинин (мкмоль/л)
*40 – константа. Жасына қарай: 33-40 − нәрестелерде, 38-40 − пубертатқа дейін, 48-62 − пубертаттан кейін алынады.
Жасөспірімдер мен ересектерде Кокрофт-Голт формуласын қолданады:
(140* − жасы, жыл) х салмағы, кг. х 1,23 ерлерде, 1,05 әйелдерде
ШФ =
Қандағы креатинин (мкмоль/л)
*140 – константа. 1,23, 1,05 – жынысқа байланысты коэфициент.
Бұл әдістер бірден бүйрек жұмысының шамасын топшылауға мүмкіндік туғызады. Әрі қарай дәрігер науқасты диспансерлік бақылауға алып, терең зерттеулерге жол ашады. СБА сатыларын анықтау аурудың ерте кезеңдерін табуға, ауруға ерте көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Жеке ауруға сай емдер және барлық СБА-ң ортақ механизмдеріне сай ем (ангиотензин өзгеруші ферменттік ингибиторы (АОФИ, АІІ блокаторы, статиндер т.б.) беріледі.
15> |
Достарыңызбен бөлісу: |