Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет12/21
Дата27.09.2023
өлшемі249,59 Kb.
#110992
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
практика-каз-МПФ

Тәжірибелік жұмыс
1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу
1есеп. Кәсіпорынның медпунктіне автоклавтың авариясы кезінде сирағынан күйік алған екі жұмысшы келді. Олар бас ауыруына,күйік аумағындағы домбығу және ашып ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: зардап шегуші А-да сирағы гиперемияланған, олардың терісі ісінген, зардап шегуші Б –да осы әйгіленімдермен қатар ашық-сары мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктер анықталды. Екі науқасқа да ауруханалық қағаз және емдік ұсыныстар берілді, бірақ екеуі де оларды орындамады.
3 күннен кейін зардап шегуші А-ң жағдайы қалыпқа түсті, ал Б-ң жағдайы біршама нашарлады: жайылған ісік, күйік шалған жерлерде ауыру сезімі күшейді және күйік аймағында көптеген іріңді көпіршіктер ( бактериологиялық зерттеуде алтын стафилококк табылды) пайда болды, дене температурасы 38,9 ◦С.
Сұрақтар:
1. Науқаста қандай дерттік үрдістер дамыды? Қабынудың сипатын анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер тағайындауға болады?
2. Бір жайтпен шақырылған дерттік үрдістің әртүрлі ағымда өтуінің себептері қандай?
3. Зардап шегуші Б-да әйгіленімдердің даму тетігі қандай?
4. Зардап шегуші Б-да жұқпа емес дерттік жайт неге іріңді көпіршіктер пайда болуына әкелді?

2 есеп. Науқас тез шаршағыштық, ұйқышылдық, қолындағы ауыру сезіміне шағымданады. Дене температурасы 38,30С. Қарап тексергенде сол қол бас бармағындағы тырнақ бунағының көлемі ұлғайған, гиперемияланған, сипап сезгенде ауырады. Қанда солға жылжыған нейтрофильді лейкоцитоз (15х109/л), ЭТЖ 40 мм/сағ., жалпы нәруыз 77 г/л, әлбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9, СӘН жоғарылаған.


1. Организмнің реактивтілік жағдайы мен дерттік үрдісті сипаттаңыз
2. Қабынудың жергілікті белгілерін тауып, олардың патогенезін түсіндіріңіз
3. Науқаста қабынудың қандай жалпы белгілері бар және олардың патогенезі қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР:


Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 209-235.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.442-497

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 194-222.

  4. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 101-116

  5. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 221 – 228 беттер

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 61-79

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 207-234.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 142-200.

  4. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-273-354

  5. Чернух А.М. Воспаление. М.: Медицина, 1979.-448с.

  6. Pathologic basis of disease. V.Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 47-87

  7. Basic Pathology. Kumar, Cotran, Robbins. 1997, с. 63-71.

БАҚЫЛАУ
Есептер бойынша қорытындылар

2 тақырып: ҚЫЗБА


Сабақтың мақсаты:

  • Қызбаның этиологиясы, патогенезі, организмдегі маңызын меңгеру

  • Теориялық материалдың білімін қызба дамуымен байланысты үлілеу және клиникалық

жағдайларды патофизиологиялық сараптағанда қолдану

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру



Оқыту міндеттері:

  • қызбаның этиологиясын, патогенезін, организмдегі маңызын зерттеу

  • теориялық материалды талдағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену

  • Теориялық материалдың білімін ситуациялық есептерді шығарғанда және үлгілеу

жағдайларын патофизиологиялық сараптағанда қолдана білу


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы.

  2. Қызба кезіндегі қызу көтерілуінің патогенезі.

  3. Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер.

  4. Дене қызуының көтерілу деңгейі бойынша және тәуліктік дене қызуының ауытқуларына байланысты қызбаның түрлері.

  5. Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер ( жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек) қызметтерінің өзгерістері

  6. Туылғаннан кейінгі дамыған қызбалық серпілістердің ерекшеліктері

  7. Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Қызым түсіретін емнің патофизиологиялық ұстанымдары. Пиротерапия туралы түсінік. Қызбаның ысынудан айырмашылығы.

Оқыту әдістері:
Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, мультимедиялық көрсетіліммен жұмыс, үлгілеу жағдайларын сараптау, ситуациялық есептерді шығару, кестелерді толтыру.
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, ситуациялық есептердің, үлгілеу жағдайларының қорытындысын, кетелердің толтырылуын тексеру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет