Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет10/21
Дата27.09.2023
өлшемі249,59 Kb.
#110992
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
практика-каз-МПФ

Тәжірибелік жұмыс
1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шығару.
1. 25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.

  1. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

  2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

2. Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.



  1. Шеткері қанайналымының қандай бұзылыстары туралы айтылған?

  2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

3. Созылмалы гепатитпен және бауыр циррозымен ауыратын 68 жасты Д есімді науқасқа құрсақ қуысындағы сұйықтықты сорып алу үшін іш перде пункциясын жасады. Ісшараның 15 минөтінде, 5 литр сұйықтықты сорып алғаннан кейін науқас бас айналуына, әлсіздікке шағымданды, бірақ ісшара жалғастырылды. Тағы 1,5 литр сұйықтықты сорып алған соң науқас есінен танды. Жедел жәрдем көрсеткеннен кейін біршене минөт ішінде есін жиды, бірақ науқас әлі де қатты әлсіздік, бас айналу, жүрек айнуына шағымданады.


Сұрақтар:

  1. Дәрігердің қателігін табыныз?

  2. Іш шемендік сұйықтықты сорып алудан кейін пайда болған талу тетіктері қандай? –

  3. Осындай жағдайларда мыйдағы қанайналым бұзылыстарының икемделістік тетіктері болуы мүмкін?

  4. Неліктен осы науқаста қанайналым жүйесінің икемделіс тетіктері әсерсіз болды?

4. 56 жастағы ер кісі емханадағы қабылдауда тез уақытта шаршау және жүргенде балтыр бұлшықеті ауыруына, тоқтағанннан кейін – «ауық-ауық ақсау» симптомына, аяқтарының мұздайтындығына, ұйып қалуына, «жыбырлайтындығына» және тыныштықта шаншуына (парестезиялар) шағымданды. Жас кезінен және көп мөлшерде шылым шегеді, мамандығы ұзақ мұздау кезеңдерімен байланысты (күз-қыс мерзімдерінде даладағы жұмыс). Қарау барысында: табаны боз, терісі құрғақ, суық, тырнақтары сынғыш; екі аяқтың табанының сыртқы және балтырының артқы артерияларында тамыр соғысы анықталмайды. Алдын ала диагнозы: «Бітелістік эндоартериит».


Сұрақтар:

  1. Науқаста жергілікті қанайналым бұзылысының қай түрі бар?

  2. Осы науқастағы дерттің даму тетіктері?

  3. Науқастағы қанайналымының жағымсыз салдарларын анықтаңыз?

  4. Белгілердің дамуының қандай ең мүмкіндік тетіктері келтірілген?

ӘДЕБИЕТТЕР


Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 247 - 265.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с. – 404-435

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. С. 87-92, 195-197

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 162-194.

  5. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 96 -110 беттер

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 372-381.

  2. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 161-181.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 182-200.

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 195-214.

БАҚЫЛАУ
Тест тапсырмаларын орындау. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 96 -110 беттер

10 тақырып: Тромбоз. Эмболия


Сабақтың мақсаты:

  • Тромбоз бен эмболияның этиологиясын, патогенезін меңгеру

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру

  • Зертханалық жануарлармен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану



Оқыту міндеттері:

  • Тромбоз бен эмболияның пайда болу, даму тетіктерін зерттеу

  • Теориялық материалды талқылағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену

  • Тәжірибеде май эмболиясын үлгілеуді үйрену

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тромбоз, анықтамасы. Тромбоздың этиологиясы

  2. Тромб түзілу патогенезі.

  3. Тромбоздың аяқталуы мен салдарлары.

  4. Бейімделу үрдістері: шунтталу, жанама қанайналымы. Алдын алу мен емдеу жолдары.

  5. Эмболия, анықтамасы. Эмболияның түрлері. Этиологиясына қарай эмболдардың түрлері, сипаттамасы.

  6. Үлкен және кіші қанайналымы тамырларының, қақпа венасының эмболиясы.

  7. Эмболияның салдарлары. Алдын алу мен емдеу жолдары.

Оқыту әдістері: Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, тәжірибелер жасау, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, тест тапсырмаларына жауап беру.
Бақылау тәсілдері:
Тәжірибе жасау, ауызша сұрау, тесттілеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет