Психодиагностика (психо... және diagnostikos - айырып тануға қабілетті) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.
Диагноз- грек тілінен (diagnosis) аударғанда «тану» дегенді білдіреді.
Диагностика – зерттеу процесi немесе объект туралы толық ақпарат алудың жалпы тәсiлi.
Сенім(лат. Veritas, verus – ақиқат, шындық) – діндегі басты дүниетанымдық ұстаным және белгілі бір қағидаларды (догматтарды) қалтқысыз қабылдауға және соларға сай өмір сүруге бағытталған психологиялық нұсқама.
Акцентуация - бұл орта есеппен айтқанда, белгілі бір ерекшеліктерінің дәрежесінің күшейуі.
Авторитарлық- (латын тілінен autoritas-әсер, билік) әрекеттегі және қарым-қатынастағы серіктестерін барынша өзінің әсерімен басқаруға тырысушылықты бейнелейтін, тұлғаның әлеуметтік- психологиялық мінездемесі.
Агрессия- (латын тілінен aggredi-шабуылдау)- адамдар тобына немесе басқа бір адамға шығын әкелетін, физикалық немесе психологиялық шығын әкелуге бағытталған, жеке тұлғаның немесе ұжымның әрекеті.
Адаптатция – сырттан тұрақты әсер еткен тітіркендіргіштерге түйсінуу мүшелерінің бейімдеуі.
Зейін – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.
Менталитет-ұғымы кейіннен ғана енген және шетел термині сияқты естіледі. Шетел ғылымныда бұл термин қолданылмайды екен. Менталитет француз сөзінен аударғанда –руханилық деген мағына береді.
Ойлау - адам осының негізінде заттар мен шындық құбылыстардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін олардың ішінде, арасында болатын түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.
Сыртқы сөйлеу –дегеніміз адам мен әңгіме не түрлі техника құралдарының көмегімен қарым-қатынас жасау.
Жазбаша сөйлеуде тілдік қатынас мәтін арқылы жанама болады. Жазбаша сөйлеудің ауызшаға қарағанда мазмұны жинақы келеді.
Мәселе- (грек тілінен - problema- міндет, тапсырма) - дайын жауап болмағандықтан, оған жауап табу үшін ізденуді, зерттеуді талап ететін теориялық немесе практикалақ сұрақ.