Психологияның негізгі мазмұны- адамның психикалық еріктігін, іс әрекетінің құпия жақтарын және оның мәнін зерттейді және адамның психологиялық ерекшнлігін, іс әрекетінің құпия жақтарын және оның мәнін зерттейді.
Социометриялық әдіс - әлеуметтік өлшемі әдісі.
Көңіл-күй деп- біршама бәсең бірақ ұзаққа созылатын және көтеріңкі не басыңқы эмоциялық жағдайлар.
Құмарлық- бұл ұзақ тұрақты әрі терең сезім. Көп жағдайда бұл жеке басьың ретінде көрініс табады. Құмарлық адамның қызығушылығынан бір іс-әрекетіне ерекше талпынысынан дамиды.
Сурдопсихология- есту мүшесі кем балалардың саңыраулардың, мылқаулардың психологиясын бір жүйеге келтіріп, оқытып тәрбиелеу мәселемен шұғылданады.
Типлопсихология- нашар көретіндердің, соқырлардың, су қараңғылар психологиясын зерттейді.
Авторитет Беделді (лат. Autoritas – әсер ету, билік) – 1) индивидтің өзінің жағдайы, қызметі, статусы және тағы басқаға негізделген әсер етуі; 2) бірлескен әрекеттегі индивидттің жауапты шешім қабылдауындағы құқының мойындалуы.
Тұлғаның белсенділігі –адамның әлемге байланысты қоғамдық өзгерістерді жасай алу қабілеті, ол матералдық және рухани мәдениеттің байлығына негізделеді, шығармашылықта, еркін күресте, қарым-қатынаста байқалады; тұлға белсенділігінің интеграциялық сипаты – адамның өмірлік белсенді жағдайы, ол идеялық принципиалдықпен, реттілікпен, өзінің көзқарастарын, іс пен сөздің бірлігін қорғауымен байқалады.
Альтруизм (лат. Alter – басқа) – тұлғаның құндылықтық бағыттылық жүйесі, онда моральдік бағаның критериі мен мотивінің ортасы басқа адамның немесе әлеуметтік қауымның қызығушылықтары жатады.
Өзара байланыс(психологияда) – Обьектілердің (субьектілердің) өзара байланыс процесі, ол өзара тәртіп пен байланысты жасайды.
Жеке тұлға - ( ағылшын тіліндегі -personalіty) латын тіліндегі -“persona” деген сөзден шыққан. Бастапқыда бұл сөз ежелгі грек драмаларындағы театр көрністерінде әртістер киетін масканы аңғартты. Соған орай, басынан-ақ, “жеке тұлға” түсінігіне адам арнайы өмірлік рольдерді ойнаған сәттерде индивидуалдылыққа қол жеткізетін сыртқы әлеуметті бейне қосылған, яғни айналасындағыларға бағытталған қоғамдық бет әлпет.