Сабақты оқыту нәтижелері



бет3/10
Дата16.04.2023
өлшемі86,57 Kb.
#83272
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
WDBPVSRYYWOY09032023225748

Sb3+ (...4d10 5s22) катионынатән сапалық реакциялар


1.Сілтілер (NaOH, KOH) мен аммиак (NH4OH) ерітіндісі Sb3+ ионымен ақ аморфты сурьма гидроксидін Sb(OH)3түзеді:
SbCl3 + 3OH­-Sb(OH)3 + 3Cl-
немесе
[SbCl4]- + 3OH-Sb(OH)3 + 4Cl-
[SbCl4]- + 3NH3. H2O Sb(OH)3 + 3NH4Cl + Cl-
Бұл гидроксидті сурьма қышқылы - Н3SbO3, немесе HSbO2.H2O түрінде де қарастыруға болады. Ол сілтінің артық мөлшерінде еріп, гидрокомплекс ионын түзеді:
Sb(OH)3 + OH-[Sb(ОН)4]-
Тәжірибе. Екі пробиркаға Sb3+ тұзының ерітіндісінен 3-4 тамшы алып, үстіне бірнеше тамшы НСl қосып, қышқылдайды. Біріншісіне – сілті ерітіндісін, екіншісіне – аммиак ерітіндісін тамызады. Екі пробиркада да Sb(OH)3 түзіледі. Тұнбаның ерігіштігі сілті мен қышқылдың артық мөлшерінде артады.
Реакцияның жүру жағдайы:
1. Егер 10%-тік SbСl3 ерітіндісін НСl ерітіндісімен қышқылдаса тұрақтылығы артады.
2. Сурьманың тұздары висмуттың тұздарына қарағанда жоғары дәрежеде гидролизденеді:
SbСl3 + Н2О  (SbO)Cl + 2HCl
Тәжірибе. Пробиркаға бірнеше тамшы сурьма (ІІІ) тұзының ерітінідісін алып, дистилденген суме нсұйылтса, антимонилхлоридінің (сурьманың оксохлориді) ақ тұнбасы (SbO)Cl түзіледі. Бұл тұнба шарап қышқылында және сегнет тұзында жақсы ериді:
(SbO)Cl + КNaC4H4O6 = K(SbO)C4H4O6 + NaClсегнеттұзы
3. Күкіртсутек (Н2S) немесе аммоний сульфиді Sb3+ тұзының қышқылданған ерітіндісімен әрекеттесіп, қызыл-сары сурьма (ІІІ) сульфидін (тиоангидрид немесе сульфангидрид) түзеді:
2Sb3+ + 3S2- =Sb2S3
Тәжірибе. Пробиркаға 2-3 тамшы SbCl3 ерітіндісін алып, оны 2 тамшы НСl ерітіндісімен қышқылдайды. Онан кейін осы ерітіндіге тамшылата отырып Н2S немесе (NH4)2S қосады.
Sb2S3 тұнбасын реагенттің артық мөлшерінде ерітуге және HСl ерітіндісін тамшылата отырып қосу арқылы, қайтада нтұнбаға өткізуг еболады:
Sb2S3 + Na2S = 2NaSbS2
2SbS2- + 2H+ = Sb2S3+ H2S
4. Сурьма (ІІІ) ионының Sb (V) ионына дейін тотығуы К2Cr2O7, KMnO4, KBrO3 тәрізді тотықтырғыштардың әсерінен жүзеге асады:
3Sb3+ + Cr2O72- + 2H+ 3SbO2- + 2Cr3+ + H2O
5[SbCl6]3- + 2MnO4- + 16H+ 5[SbCl6]- + 2Mn2+ + 8H2O
[SbCl6]3- + BrO-3 + 6H+ [SbCl6]- + Br- + 3H2O
Тәжірибе. Пробиркаға сурьма (ІІІ) тұзының ерітіндісінен 3-4 тамшы, 2н. H2SO4 ерітіндісінен 2-3 тамшыалып, үстіне аталған тотықтырғыштардың біреуінен тамызады.


5. Sb3+ ионының металдық сурьмаға дейін тотықсыздануы
Металдардың кернеулік қатарындағы сурьмаға дейін орналасқан металдар (Mg, Al, Fe, Sn, Zn) қышқылдық ортада сурьманы оның қосылыстарынан ығыстырып шығарады (E0Sb3+/Sb0 - тотығу-тотықсыздану жүйесінің потенциал мәні 1.0 В):
2[SbCl6]3- + Zn0  2Sb0 + Zn2+ + 12Cl-
Тәжірибе. Тәжірибені жүргізу үшін наждак қағазымен тазаланған қалайы фольгасын, темір шегені немесе магний лентасын пайдаланады. Пробиркаға тұз қышқылымен қышқылданған Sb (ІІІ) немесе Sb (V) тұзының ерітіндісінен 1 мл алып, үстіне жоғарыда көрсетілген металдардың біреуін батырып, бірнеше тамшы концентрлі НСl қосады. Қоспаны қыздырады. Металдық сурьманың қара ұлпасы пайда болады. Осы кезде бөлінетін сутегі Sb (ІІІ) ионын қышқылдық ортада SbH3 дейін тотықсыздандырады:
3Zn + 2SbCl3+ 6Н+2SbH3 + 3ZnCl2
Сурьмалы сутек тұрақсыз болғандықтан, оңай ыдырайды, нәтижесінде “сурьма айнасы” түзіледі. Ол - түссіз және иіссіз, өте улы газ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет