Sb5+ (...4d10 5s2 5р2) катионына тән сапалық реакциялар
1. Сілтілер (NaOH, KOH) және аммиак(NH4OH)ерітіндісі Sb5+ ионымен метасурьма қышқылының НSbO3 (немесе SbO(ОН)3) ақ тұнбасын береді:
[SbCl6]- + 5ОН- НSbO3 + 6Cl- + 2H2О
Түзілген тұнба сілтінің және күшті қышқылдардың артық мөлшерінде ериді:
SbO(ОН)3 + NaOH + H2O Na[Sb(OH)6]
SbO(ОН)3 + 6HCl H[SbCl6] + 4H2O
Тәжірибе. Екі бірдей пробиркаға тұз қышқылымен қышқылданған Sb (V) тұзының ерітіндісінен 3-4 тамшы алып, үстіне 3-4 тамшы дистилденген су қосады және оның біріншісіне – сілті ерітіндісін, екіншісіне – аммиак ерітіндісін ақ тұнба түзілгенше тамызады. Реагенттердің артық мөлшерінде тұнба ериді.
2. Гидролиз реакциясы. Sb (V) тұзын сұйылтқанда тұз қышқылының артық мөлшерінде еритін, ақ түсті негіздік тұз түзіледі:
[SbCl6]- + 2Н2О SbO2Cl + 5Cl- + 4H+ Тәжірибе. Пробиркаға 3-4 тамшы тұз қышқылымен қышқылданған Sb (V) тұзын алып, үстіне aқ тұнба түзілгенше тамшылата отырып дистилденген су қосады.
3. Күкіртсутек (Н2S) немесе аммоний сульфиді Sb5+ катионымен қышқылдық ортада қызғылт-сары түсті – сурьма (V) cульфидін Sb2S5 түзеді:
2[SbCl6]- + 5S2-Sb2S5 + 12Cl- Sb2S5 тұнбасы сульфид-иондарының артық мөлшерінде және сілтілерде еріп, тио-тұздар түзеді:
Sb2S5+ 3S2- 2SbS43- 3Sb2S5+ 6NaOH Na[Sb(OH)6] + 5NaSbS3 Тәжірибе. Пробиркаға бірнеше тамшы тұз қышқылымен қышқылданған сурьма (V) тұзының ерітіндісін және 2-3 тамшы концентрлі НСl ерітіндісін тамызып, үстіне аммоний сульфидінің (NH4)2S (немесе Na2S) ерітіндісін тамызады.Реагенттің артық мөлшері түзілген қызғылт-сары түсті - Sb2S5 тұнбасын ерітеді.
4 Активтілігі күшті металдар Sb5+ ионын тотықсыздандырады. Тәжірибенің орындалу әдістемесі жоғарыда көрсетілген сурьма (ІІІ) тұзының тотықсыздану реакциясына ұқсайды.