Сабақты оқыту нәтижелері



бет2/10
Дата16.04.2023
өлшемі86,57 Kb.
#83272
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
WDBPVSRYYWOY09032023225748

Mg2+ (...3s2) катионына тән сапалық реакциялар


1. Сілтілер (NaOH, KOH)Mg2+ катиондарымен әрекеттесіп, ақ ұлпа тәрізді магний гидроксидін Mg(OH)2 түзеді:
Mg2+ + 2OH- Mg(OH)2
Тәжірибе. Пробиркаға 2-3 тамшы Mg2+ тұзының ерітіндісін алып,үстіне 2-3 тамшы NaOH немесе КОН ерітінділерін тамызады. Түзілген магний гидроксиді қышқылдарда және аммоний тұздарында ериді. Сондықтан аммиак ерітіндісі Mg2+ катионын тұнбаға толық түсірмейді.
2. Микрокристаллоскопиялық реакция.
Тәжірибе. Зат шынысының бетіне Mg2+ тұзының ерітіндісін тамызып, оның үстіне 1 тамшы аммоний хлоридін (NH4Cl) тамызады. Сонан кейін зат шынысын төңкеріп, 25 %-тік аммиак ерітіндісі бар ыдыстың аузында бірнеше минут ұстайды. Соңынан натрий гидрофосфаты ерітіндісін Na2HPO4.12H2O немесе оның кристалын қосып, түзілген кристалдарды микроскоппен көреді:
MgSO4 +Na2HPO4 +NH4OHMgNH4PO4 +Na2SO4+H2O
Mg+ HPO4- + NH4OH MgNH4PO4 + H2O




а) концентрлі ерітінділерде б) сұйытылған ерітінділерде

1-сурет. Аммоний-магний фосфатының кристалдары




Реакцияның жүру жағдайы:

  1. Реакцияға аммоний хлоридін аморфты Mg(OH)2 тұнбасы түзілмеуі үшін қосады;

3. Тамшылық реакция
Фильтр қағазының жолағына (4x4 см) бір тамшыдан магний катионы бар ерітіндіден және аммиак ерітіндісінен тамызады. Үстіне бір тамшы фенолфталеин ерітіндісін тамызады. Қызыл дақ пайда болады. Аммиактың артық мөлшерінен арылу және магний гидроксидін сусыздандыру мақсатында, қағазды жалын үстінде кептіреді. Дақ түссізденеді. Егер қағазды су тамшысымен дымқылдаса, магний катионы қатысында, қызыл дақ қайта пайда болады. Тәжірибенің орындалуына сілтілік және сілтілік-жер металдары кедергі жасамайды.


4. Қызыл түсті магнезон І - n-нитробензолазорезорцин реактиві Mg2+катионымен сілтілік ортада әрекеттескенде, көк түсті комплекс түзіледі. Бұл комплексті қосылыс магний гидроксидіне сіңіріледі.
О2N- -N = N- -OH + Mg2+ + 2OH-
магнезон І, қызыл түсті

 О2N - - N=N- -OH + H2O



HO-Mg-O
Магнийдің көк түсті комплексі
Реакцияның жүру жағдайы:
1. Реакция өте сезімтал: ашылу минимумы 0,5 мм;

  1. Реакцияның жүруіне Cd2+, Sr2+, Cr3+, Fe2+, Co2+, Nі2+ катиондары кедергі жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет