Fe2+ (. . . 3d6 4s 2) катионына тән сапалық реакциялар 1. Сілтілермен (NaOH, KOH) және аммиакпен тұндыру. ҒеО - негіздік тотық. Бұл қосылысқа сәйкес гидроксид - Ғе(ОН)2 - ақ түсті.
Ғе2+ + 2ОН- Ғе(OH)2
Ғе(OH)2- аммоний тұздарында жақсы ериді. Тұрақсыз болғандықтан, ауадағы оттегімен тотығып, алғашқы кезде бұлыңғыр жасыл түске ауысады: Ғе(OH)2 . Ғе(OH)3, соңынан қызыл-қоңыр Ғе(OH)3 тұнбасына айналады:
2Ғе2+ + 3ОН- + 1/2 О2 + Н2О = Ғе(OH)2 .Ғе(OH)3 2Ғе2+ + 4OH- + 1/2 О2 + Н2О = 2Ғе(OH)3 Тәжірибе. Екі бірдей пробиркаға 2-3 тамшы темір сульфатының ҒеSO4 ерітіндісі мен 5 тамшы дистилденген су алып, оның біріншісіне - 2 тамшы NaOH, екіншісіне - аммиак ерітіндісін қосады. Тұнбаның түзілуіне және түсіне назар аударыңыздар. Екінші пробиркадағы тәжірибені 10% - тік NH4Cl немесе (NH4)2SO4 қатысында қайталап жүргізеді. Тұнба түзіледі ме, тексеріңіздер.
2NH4OН + ҒеSO4 = Ғе(ОH)2 + (NH4)2SO4 Реакцияның жүру жағдайы: 1. Реакция негіздік ортада рН 12-13 жүреді
2. Аммоний тұзының қатысында тұнба түзілмейді
2. Калийдің гексацианоферраты-(ІІІ) (К3[Ғe(CN)6]) Fe2+ катионымен көк түсті коллоидты золь – турунбул көгін береді:
4ҒеSO4 + 3К3[Fe(CN)6] =
= Fe3[Fe(CN)6]2 + Fe3+К[Fe2+(CN)6] + 4K2SO4 2[Fe(CN)6]3- + 3Fe2+ Fe3[Fe(CN)6]2 Тұнба қышқылдарда ерімейді.
Реакцияның жүру жағдайы: 1. Реакцияны рН 2-3 кезінде жүргізеді
2. Сілтінің бос мөлшері турунбул көгі комплексін бұзады
3. Реакцияның жүруіне V-ші топтың басқа катиондары кедергі жасамайды.
Реакцияның жүруіне тотықтырғыштар мен тотықсыз-дандырғыштардың қатысуы кедергі жасамайды, өйткені Ғе2+ ионы ферроцианидпен әрекеттесіп, ақ тұнба Ғе2[Ғe(CN)6] түзеді де, бұл қосылыс ауадағы оттегімен берлинлазуріне және темір (ІІІ) гидроксидіне Ғе(OH)3 тотығады.
Тәжірибе.Пробиркаға темір (ІІІ) cульфатының ерітіндісінен (немесе Мортұзынан) 2 тамшы алып, үстіне 1 тамшы К3[Ғe(CN)6] қосады. Тұнбаның түсіне назар аударыңыздар. Қышқылдарда және негіздерде ерігіштігін тексеріңіздер.
3. Органикалық реагент – диметилглиоксим ерітіндісі (Чугаев реактиві -С4Н8N2O2) Fе2+ тұздары мен аммиакты ортада қызыл-қоңыр түсті, суда жақсы еритін ішкі комплексті қосылыс түзеді:
[Ғе(С4Н7N2O2)2] . xNH3 (мұнда х=2 немесе 3)
Осы реакция арқылы Ғе2+катионын Ғе3+қатысындаанықтауғаболады. Комплекстің түсі сутегі асқын тотығы қатысында Ғе (ІІ) ионын Ғе (ІІІ) ионына тотықтырғанда жойылады.
Реакцияның жүру жағдайы: 1. Реакция аммиакты ортада (pH=9) жүреді;
2. Ғe (ІІ) катионын анықтауға Mn2+, Nі2+ кедергі жасайды.
4. Ғе2+ катионын Ғе3+ катионына тотықтыру Тәжірибе. 3-4 тамшы Ғе (ІІ) тұзының ерітіндісіне 3 тамшы азот қышқылы және 3 тамшы 2н Н2SO4 қышқылын қосып, сұр түс жойылғанша қыздырады:
6ҒеSO4 + 3Н2SO4 + 2HNO3 3Fe2(SO4)3 + 2NO + 4Н2O
3Ғе2+ + 4Н++ NO3- 3Fe3+ + NO + 2Н2O
Реакцияның жүру жағдайы: Реакция қышқылдық ортада (pH<7) жүреді және тотығу реакциясына 32%-тік НNO3 алады;