Mn2+ (...3d5 4s2) катионына тән сапалық реакциялар 1. Сілтілер (NaOH, KOH) және аммиак ерітіндісі NH4OH Mn2+катионымен әрекеттесіп, мақта тәрізді ақ тұнба - марганец гидроксидін Mn(OH)2 түзеді:
Mn2+ + 2OH- Mn(OH)2 Ауада Mn(OH)2 тотығып, қара-қоңыр Н2MnO3 түзіледі:
2Mn(OH)2 + О2 = 2Н2MnO3 Аммиак ерітіндісін қолданған кезде тұнба толық түзілмейді, себебі түзілетін аммоний тұзы аммоний гидроксидінің диссоциациялануын төмендетеді:
Mn2+ + 2NH4OH Mn(OH)2 + 2NH4+ Mn(OH)2 cілтілерде ерімейді, бірақ сұйытылған қышқылдарда, аммонийлі тұздарда жақсы ериді. Бұл жағдай, Mn2+ катионын Al3+және Fe3+ катиондарынан артық мөлшердегі NH4Сl қатысында, аммиакпен оңай бөліп алуға мүмкіндік береді. Бұл кезде Mn2+ ерітіндіге өтеді, тұнбада Al(OH)3, Fe(OH)3 қалады.
Тәжірибе. Екі пробиркаға Мn2+тұзының ерітіндісінен 3-4 тамшы алып, үстіне 3-4 тамшы дистилденген су қосады. Біріншісіне - NaOH (KOH) ерітіндісінен 3-4 тамшы, екіншісіне - NH4OH ерітіндісінен 3-4 тамшы қосады. Түзілген тұнбаның ерігіштігін сілті ерітіндісінде тексеріңіздер.
Реакцияның жүру жағдайы: 1. Реакцияны рН=9-10 кезінде жүргізеді.
2. Mn2+ катионының күміс хлоридімен тамшылық реакциясы.Mn2+ катионын AgCl ерітіндісімен тотықсыздандыру арқылы анықтауға болады:
Mn2++4OH-+2AgCl 2Ag+MnO(OH)2+H2O+2Cl- Тәжірибе. Сүзгі қағазының жолағына сұйытылған НСl ерітіндісін тамызады. Ылғалдақтың дәл ортасына күміс нитратының аммиактағы ерітіндісін тамызады. Қағаз бетінде күміс хлоридінің тұнбасы түзіледі. Тұнбаға суы бар капиллярдың ұшын тигізу арқылы, тұнбаны жуады. Капиллярды қағаз бетіндегі дақтың диаметрі 2-3 есе ұлғайғанша ұстайды. Жуылған тұнбаны зерттелінетін ерітіндімен (MnSO4) ылғалдап, үстінен 1 тамшы концентрлі NaOH ерітіндісімен өңдейді. Егер зерттелінетін ерітінді құрамында Mn2+ ионы бар болса, онда бос күйде күміс бөлінеді де, нәтижесінде дақ қараяды.
3. Аммоний сульфиді ((NH4)2S) аммиакты ортада ақшыл қызыл марганец (ІІ) сульфидін түзеді:
Mn2+ + S2- MnS
Тәжірибе.Пробиркаға Mn2+ тұзының ерітіндісінен 3-4 тамшы алып, үстіне 3-4 тамшы аммиак және (NH4)2S қосады. Түзілген MnS тұнбасы сұйытылған минералды қышқылдарда және сірке қышқылында ериді.
Реакцияның жүру жағдайы: Реакция аммиактыортадажүреді;
(NH4)2S артық мөлшерін қосып қайнатқан кезде, марганец (ІІ) сульфидінің ерігіштігі аз жасыл модификациясы түзіледі.
Ақшыл қызыл MnS тұнбасы ауада қоңырланып, марганец (ІV) гидроксидіне тотығады:
MnS + O2 + 2H2O Mn(OH)4 + S
4. Mn2 +катионының MnO4—ионына дейін тотығуы қышқылдық ортада аммоний персульфатымен жүреді:
2Mn2+ + 5S2O82- + 8H2O 2MnO4- + 10SO42- +16H+ Күміс- катализатор ретінде аралық реакцияларға қатысады:
2Ag + S2O82- 2Ag+ + 2SO42- 2Mn2+ + 10Ag+ +8H2O 2MnO4- + 10Ag + 16H+ Тәжірибе. Пробиркаға 2-3 тамшы Mn2+ катионының кез келген тұзын алып, үстіне 4 тамшы СН3СООNa ерітіндісін және 1 қалақша кристалл күйдегі аммоний персульфатын қосады. Пробирканы қайнағанш ақыздырады. Ерітінді Н2MnO3 қосылысына тән қара-қоңыр түске өтеді. Үстіне сұйытылған азот қышқылымен 10%-тік AgNO3 ерітіндісінен бір-бір тамшыдан қосады. Қайнатады. Күлгін түстің пайда болуы, перманганат-ионының түзілгенін дәлелдейді.
Реакцияның жүру жағдайы: 1. Реакция рН -2 кезінде жүреді;
2. Кедергі жасайтын Ғе3+ ионын фосфат-ионымен бүркейді.