Сабақтың соңында студенттер қабілетті болады : Витаминдерді жіктеуге. Витаминдердің биологиялық ролін сипаттауға



бет2/3
Дата12.10.2022
өлшемі21,46 Kb.
#42545
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
каз методичка 6

Сабақты өткізу форматы:
1) Бағдарламалық бақылаудың билеттері бойынша жазбаша бақылау
2) Ауызша сұрау тақырыптың және «Суда еритін витаминдер»; «майда еритін витаминдер» кестелерін толтыру.
Сабақты бақылау: бағаланатын оқыту нәтижелері – білім (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 80%).
Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде: zoom.us (Webex) немесе Google Meet және Moodle dis.kaznmu платформасында ауызша және жазбаша сұрау.
БОӨЖ тапсырмалары:
Жағдайлық есептерді шешу.
Жағдайлық есептер
1) Құс фабрикасында жұмыс жасайтын жұмыскер күніне 5 және одан да көп жұмыртқа жеген соң ол кісіде селқостық, ұйқышылдық, себорея дамыды. Бұл күй қандай витаминнің тапшылығымен байланысты? Бұл витамин қандай ферменттің құрамына кіреді?
2. Науқас әйел дерматологқа келді. Оның беті, ерінінің айналасы, мұрнының терісінің симметриялы түрде зақымданған: түсі қызыл-қоңыр, ісінген, терісі түлеген. Пациенттің дене салмағы төмендеген, анамнезінде диарея, неврастения. Сіздің болжам диагнозыңыз? Ол қандай витаминнің тапшылығымен байланысты? Қандай тағам өнімдерінде кездеседі?
3. Пациентте конъюнктивит, аузының айналасында сызаттар бар, шашы түседі. Ол тек өсімдіктекті тағам жейді (вегетариан). Сіздің болжам диагнозыңыз және аталған симптомдардың механизмі қандай?
4.Науқаста амин қышқылдарының алмасуы бұзылған, РР витаминімен емдеуге келмейтін дерматит. Науқасты қандай витаминмен емдеуге болады?
5.Науқаста пернициозды анемия. Оның жағдайын қандай витаминдердің жетіспеушілігімен түсіндіруге болады?
6. Пациенттің асқазан сөлінің қышқылдығы төмендеген, фоль қышқылымен емдеуге келмейтін анемия. Оны қандай витаминмен емдеуге болады?
7. 2 жасқа дейін солтүстікте тұрған науқас сәбидің басы үлкен, еңбегінің бітпеуі, ішінің үлкеюі, тіс жаруының кешеуілдеуі байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз, қандай витаминмен емдеуге болады?
8.Науқас әйел бұлшық еттерінің әлсіздігіне, бірнеше рет түсік тастағанына шағымданады. Қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғаты туралы түсінік, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
9. Пациентте мұрынның жиі қанауы, асқазан-ішек жолдарында қан құйылулар және бір жерін сәл кесіп алса (хирургиялық) қан көп кетуі тәрізді белгілер байқалады. Бұл қандай витаминнің жетіспеушілігімен байланысты?
10. Пациентте майлардың сіңірілуінің бұзылуы (мальабсорбция). Қандай витаминдердің авитаминозы болуы мүмкін және неліктен?
11. Бауыры ауыратын науқастың кешқұрым немесе солғын жарықта көзі нашар көреді және циститтер байқалады. Дәрігер осы науқасты емдеу үшін қандай витамин ұсынуы тиіс, оның тәуліктік қажеттілігі? Науқас қандай диета ұстауы қажет?
12.Науқасқа А витаминінің авитаминозы деген диагноз қойылған. Неліктен дәрігер оған қызыл-сары түсті көкөністерді жеуді ұсынады?
13. Дәрігерге бауыр және өт жолдарының патологиясына және панкреатитке шалдыққан науқас келді. Бұл науқаста қандай витаминдердің авитаминозы деп болжауға болады және неліктен?
2) Кесте толтыру Суда еритін витаминдер



Әріп белгісі

Витаминнің аталуы

Химиялық табиғаты

Кофермент

Катализдетін реакция

Табиғатта таралуы

Тәулік дозасы

Авитаминоз

























3) Кесте толтыру Майда еритін витаминдер





Әріп белгісі

Витаминнің аталуы

Химиялық табиғаты

Биологиялық ролі

Табиғатта таралуы

Тәулік дозасы

Авитаминоз


























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет