ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ 9 - СЫНЫП Бөлім: « Мәңгілік Ел - Мәңгілік мұрат » Сабақтың тақырыбы: Қ.Мұханбетқалиев «Тар кезең» романы. Генерал-поручок барон Игельстром. Оқу мақсаттары: 9.3.2.1. Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру. Сабақтың мақсаттары: - Шығарма бөліміндегі тірек сөздердің мағынасын ашады; - Көркем шығарманың идеясын түсінеді; - Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығын заманауи тұрғыда салыстыра алады; . - Оның жаңашылдығы жайында пікір білдіріп, баға береді; Бағалау критерийлері: - Берілген тірек сөздердің мағынасын ашып, қолданылу сипатын анықтайды; - Көркем шығарманың идеясын түсінеді; - Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығын заманауи тұрғыда салыстыра алады; - Салыстыра отырып, оның жаңашылдығына баға береді. 1 - тапсырма. «Бейтаныс сөздер әлемі» Мәтінді шолып оқу әрекеті арқылы таныс емес сөздерді қос бағанды кестеге салады. Дескриптор: - Мәтіннен таныс емес сөздерді іріктейді; - Лексикалық мағынасын анықтады;
наместник-генерал-поручик барон -Мемлекеттік әскери Коллегия -форпост -иррегуляр -бұратана
Тарихи-шендік лауазым,ірі әкімшілік аймақтың жетекшісі Өз құзырлық шеңберіндегі мәселелерді бірлесіп шешуге құқығы бар адамдар тобы Алдыңғы шепте орналасқан қамалдар арасындағы шағын бекініс Жүйелі құрылмаған әскер Өз ұлттық болмысынан айырылған,ассимиляцияға ұшыраған халықтың сипаты