Сабақтың тақырыбы: №2 Қазақ c танда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуы



бет2/10
Дата14.02.2023
өлшемі192,82 Kb.
#67718
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
za-merzmd-zhospardy-tarauy-azatardy-trshlkt-amtamacyz-etud-dstrl-zhjec-11-synyp

Бағалау критерийі

- тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына әсер еткен факторларды сипаттауда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің ерекшеліктерін анықтайды;
-дәстүрлі шаруашылықты сипаттауда «тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі» , «қоныстану жүйесі», «экожүйе», «экологиялық орта» ұғымдарын қолданады

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:
-Берілген мәтіндер негізінде мал шаруашылығы және егіншіліктің ерекшеліктерін оқу арқылы (оқылым) анықтайды;
- мәтіннен негізгі ойды түртіп алып, «тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі» , «қоныстану жүйесі», «экожүйе», «экологиялық орта» ұғымдарына анықтама беруде интеллект – картаға толтырады (жазылым);
- Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы табиғи-климаттық және әлеуметтік-мәдени факторларының байланысын және олардың әсерін дәлелдеу моделі арқылы ауызша дәлелдейді (айтылым, тыңдалым).

Пәнге қатысты лексика мен терминология
Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі , қоныстану жүйесі, экожүйе, экологиялық орта

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар
Көшпеліліктің қалыптасуына............факторлар әсер етті, өйткені .....
Сіз........неліктен екенін айта аласыз ба?
........... неліктен көшпелілік пайда болды? Неліктен кейбір ғалымдар номадизм ұғымын қолданумен келіспейді?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің дамуына әсер еткен табиғи- климаттық және әлеуметтік-мәдени факторлар.....................

Құндылықтарға баулу


Мал шаруашылығы және егіншіліктің ерекшеліктерін анықтау арқылы Мәңгілік Ел идеясының «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет