Бөлім: Абайды оқы, таңырқа
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбайұлының "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңінің тілі.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
6.2.3.1. шығармадағы көркем ауыстыруларды анықтау (троптарды:метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, итота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
шығарманы көркемдік ерекшелігіне талдайды;
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін анықтап, талдайды;
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға береді.
|
Бағалау критерийі
|
шығарманың тілдік ерекшелігін талдайды;
автор стилін анықтайды.
|
Жоспар
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Қызығушылықты ояту.
«Бұрыштар» тәсілі. Оқушыларға теориялық ережелер беріледі. Сыныптың 3 бұрышына ЭПИТЕТ, ТЕҢЕУ, МЕТАФОРА деп жазып қоямыз.Олар сол ереженің қандай көркемдегіш тәсілге тән екенін
анықтауы тиіс.
Эпитет
Теңеу
Метафора
Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.
|
Оқушыларға теориялық ережелер беріледі. Сыныптың 3 бұрышына ЭПИТЕТ, ТЕҢЕУ, МЕТАФОРА деп жазып қоямыз.Олар сол ереженің қандай көркемдегіш тәсілге тән екенін
анықтауы тиіс.
|
ҚБ
|
6-сынып қазақ әдебиеті
Тапсырма қағаздары
|
Сабақтың ортасы
|
ІІІ. Мағынаны тану.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусының қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Абай қазақ халқының рухани көсемі, барша мақтан ететін ойшыл да сыршыл данышпанымыз. Ұлы ақын өзі өмір сүрген қоғам келеңсіздіктерін көріп өскендіктен, солардың бәріне де қарсы болып, ел бірлігін аңсады, мәдениетті елдердің қатарына жетуді, азат ел болуды арман етті.Бүгінде ақын арманы орындалды. Биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын тойлағалы отырмыз, еліміз қабілетті 50 елдің қатарында.
Бүгін біз ұлы ақынның жазушылық еңбегінің орта тұсында туған үлкен әрі мол, әрі көркемдік жағынан келісті, зор шығармаларының бірі - «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің көркемдік ерекшелігімен танысамыз. Оқушыларға «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің үзінісі таратылады.
Оқушылар жұппен үзінділерді оқып, өлеңнің жалпы көркемдік сипатын анықтайды.
1-тапсырма.
|