Сабақтың тақырыбы: Алғыс айту парызым! Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/2
Дата02.03.2023
өлшемі128,06 Kb.
#71319
түріСабақ
  1   2

Бекітемін:__________________
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Қоқымбаева М.Ж.


Педагогтің аты-жөні:

Қайыпова Перизат Әлімқадырқызы

Күні:

22.02.2022 жыл

Сыныбы:

4 «Д»

Сабақтың тақырыбы:

Алғыс айту – парызым!

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру.
Үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту. Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Бағалау_критерийі:_____Сабақтың_барысы'>Бағалау критерийі:




Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

- Оқушылармен амандасу
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып- тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Сәтті өтсін сабағымыз,
Ашық болсын қабағымыз.


Проблемалық сұрақ:
- Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?
- Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?
«Білгенге маржан»
- 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні
- 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.

Мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Оқушылар сұрақтарға ауызша жауапи береді.


ҚБ: Жарайсыңдар!








Жаңа сабақ
Тәжірибе

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел»  жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.

  • Ең бірінші кімге алғыс айтар едіңдер?

Алғыс - біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған меңзейді.
Сергіту сәті.
- Жағдайыңыз қалай?
- Жақсы! (саусағымен көрсетеді)
- Түнде қалай ұйықтайсыз?
- Былай! (көзін жұмып, басын қисайтып)
- Қалай жүгіресіз?
- Былай! (жүгірген қимыл көрсетеді)
- Қалай ренжисіз?
- Былай! (екі ұртын томпитып,)
- Көңіл - күйіңіз қалай?
- Өте жақсы! (саусағымен көрсетеді)

Оқушылар тақырыппен танысады

Оқуышылар жауап береді.


Оқушылар қимылмен көрсетеді.


ҚБ: Жарайсыңдар!


ҚБ: Жарайсыңдар!



Тақырыпқа қатысты суреттер




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет