Сабақтың тақырыбы: Ана тілі ұлт байлығы Күні: Мұғалімнің аты-жөні


,7-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. Амандасу, қоштасу



бет14/202
Дата24.03.2022
өлшемі1,53 Mb.
#28699
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   202
Байланысты:
5кл қысқа мерзімді жоспар

6,7-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. Амандасу, қоштасу



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.1.1 - мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;

5.1.2.1 - әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру.



Сабақ мақсаттары

Диалог түрінде берілген мәтіндер бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты әсерлі мазмұндайды. Үндестік заңының түрлерін ажыратып, сөйлеу тілінде дұрыс жұмсай алады.

Жетістік критерийлері

Ақпараттарды тізбектей қолдана біледі.

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: Армысыздар, рақмет, өсіп жатыр.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Менің ойымша, ендеше, келісемін, салыстырғанда.


Алдыңғы оқу

«Жеті жұрттың тілін біл»

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Қызығушылықты ояту.

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Садық төрдегі ақсақалдармен қалай амандасты?

2. Қалған топпен қалай амандасты?

3.Өздерің үлкендермен қалай амандасасыңдар?

4.Ауызекі сөйлеуге тән белгілерді байқадыңдар.


ОӘК материалдары

Ортасы

Оқылым бойынша 1-тапсырма бойынша оқушылар «Бағытталған оқу» әдісімен мәтінді оқып талдайды.

2-тапсырмада оқушылар тыңдалым және айтылым материалы бойынша әр халықтың сәлемдесу дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы бейнежазбаны тамашалап, сәлемдесу түрлері туралы ой бөліседі.

3-тапсырмада бойынша оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

1-деңгей. Мәтіндегі амандасуға байланысты сөздерді тауып жазады. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөз бар ма?

2-деңгей. Мәтіндегі сыпайылықты білдіретін сөздер мен тіркестерді теріп жазады. Армысыздар, рақмет, өсіп жатыр, қарағым сөздерінде үндестіктің қай түрі бар екенін көрсетеді.

3-деңгей. «Мәтіндегі амандық сұрасудан нені байқауға болады?» деген тақырыпта шағын ойтолғау жазады. Ілгерінді, кейінді ықпалдарды көрсетеді.



4-тапсырма бойынша оқушылар топ-топқа бөлініп, жағдаяттық тапсырманы орындайды.

1.Ата-анаңмен, туыстарыңмен қалай қоштасасыңдар?

2.Мұғаліммен, тәрбиешімен, сатушымен және т.б. адамдармен қалай қоштасқан дұрыс?

3.Балалар бағдарламасының жүргізушісі болсаңдар, көрермендермен қалай сәлемдесіп, қоштасар едіңдер?



«Бағытталған оқу» әдісі

ОӘК материалы

Деңгейлік тапсырма

Жағдаяттық тапсырма



Аяқталуы

Рефлексия. «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтыртады.

Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?







Үйге тапсырма. Оқушыларға берілген сұрақтарға ізденіп жауап беру жұмысы тапсырылады.

Амандасу, қоштасу сөздерінің қолданысына мән береді. Кімдер қолданатынын кестеге толтырады.



«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі Таратпа қағаздар

ОӘК материалдары



Қосымша ақпарат



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет