Диалог түрінде берілген мәтіндер бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты әсерлі мазмұндайды. Үндестік заңының түрлерін ажыратып, сөйлеу тілінде дұрыс жұмсай алады.
Жетістік критерийлері
Ақпараттарды тізбектей қолдана біледі.
Тілдік мақсат
Негізгі сөздер мен тіркестер:Армысыздар, рақмет, өсіп жатыр.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Жоспарланған жаттығулар (жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Қызығушылықты ояту.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1.Садық төрдегі ақсақалдармен қалай амандасты?
2. Қалған топпен қалай амандасты?
3.Өздерің үлкендермен қалай амандасасыңдар?
4.Ауызекі сөйлеуге тән белгілерді байқадыңдар.
ОӘК материалдары
Ортасы
Оқылым бойынша 1-тапсырма бойынша оқушылар «Бағытталған оқу» әдісімен мәтінді оқып талдайды.
2-тапсырмада оқушылар тыңдалым және айтылым материалы бойынша әр халықтың сәлемдесу дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы бейнежазбаны тамашалап, сәлемдесу түрлері туралы ой бөліседі.
3-тапсырмада бойынша оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
1-деңгей. Мәтіндегі амандасуға байланысты сөздерді тауып жазады. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөз бар ма?
2-деңгей. Мәтіндегі сыпайылықты білдіретін сөздер мен тіркестерді теріп жазады. Армысыздар, рақмет, өсіп жатыр, қарағым сөздерінде үндестіктің қай түрі бар екенін көрсетеді.
3-деңгей. «Мәтіндегі амандық сұрасудан нені байқауға болады?» деген тақырыпта шағын ойтолғау жазады. Ілгерінді, кейінді ықпалдарды көрсетеді.