Мұғалім әрекеті:
Қыздырыну жаттығуларын ұйымдастырады;
Ойын кезінде жарақат алып қалу қауіпінің алдын алуды және қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді;
Допты қайтару әдісінің дұрыстығына назар аударады;
Ұсынылған қозғалыс әрекеттерінің сапалы орындалуын сараптаптауды оқушыларға ұсынады;
Волейболда допты қабылдау мен қайтаруды, орын ауыстыруды меңгеру маңызды екенін түсіндіреді;
Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді:
- Ойын жағдайларында қандай қозғалыс дағдыларын дамыту қажет?
- Негізгі дағдыларды жетілдіру кездегі бірлескен жұмысты қалай бағалар едіңіз?
Оқушы әрекеті:
1-әрекет.
Допты жоғарыдан беру (қайталау). Жұптар бір-бірлеріне қарама қарсы тұрып тапсырмаларды кезек-кезекпен орындайды:
- допты берудің орындалу үлгісін орындау (имитация) – допты өзінің үстіне жоғары лақтыру, алға қозғала ұстап алу;
- сол жаттығуды қайталау тек ұстау орнына қарсы тұрған серіктесіне жалғап жіберу;
- ешқандай тоқтатусыз серіктеске жалғау;
- жоғарыдағыларды серіктеспен тордың екі жағына орналасудан орындау;
- жоғарыдағылардың барлығын оңға және солға жанмен қозғала отырып қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |