Оқушы әрекеті: (С).
1-тапсырма:
Бейнематериал тамашалайды. Оқушылар жұптасып бір-біріне 6-7 м арақашықтықта қарама-қарсы тұрады. Мұғалім көрсеткен жақындату жаттығуларын орындайды. Оқушылар көрген жаттығуларды жаттығуын әр фазасын бөлшектеп орындайды:
- Допты жоғарыдан беру әдіс-тәсілі.
(допты беру үшін бастапқы қалып негізінде тұрыс);
- волейбол добын төменнен қабылдау әдісі
(қолды төменнен қою арқылы, алақанды бір-біріне жинау бағытымен допты қабылдау кезі);
- допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, арықарай қарсыласына көтеріп беру;
- допты қайтару әдісі, соғу.
(допты, екі қолды біріктіре отырып, жоғары қаратылған күйде соғу керек)
-тордың алдында біріне доп беріп көтеру арқылы тордан доп соғу, яғни шабуылдау әдістерін үйрету.
- тордың алдында доп көтеру арқылы саусақтың ұштарымен қарсыланың алаңының бос жеріне доп тастау.
- тор алдында 1-2 немесе 3 адамнан қарсыласына тосқауыл қою (блок).
- әріптесі тосқауыл қоюға секіргенде сақтандыру әдістерін жасау.
Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:
-тапсырмаларды орындау кезінде реттілікті сақтайды;
-волейбол добымен жаттығуларды орындау барысында қол, аяқ, дене қалыптарын талапқа сай қояды;
2-тапсырма:
Оқушылар 2 топқа бөлінеді, дене жаттығуының сапасын жақсартуға арналған баламалы ережелер мен құрылымдық әдістер құрады. Өздерінің ойлап тапқан әдістерін флипчартқа түсіреді. Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:
- сабақ барысында қолдануға келетін тәсілдер құрастырады;
Бағалау:Бағалау кішкене қиылған қағаздардағы төмендегідей сөйлемдерді аяқтау арқылы жүзеге асырылады:
- мен бүгін . . . туралы білдім;
- … қиын болды;
- … туралы түсінік пайда болды;
- мен … үйрендім;
- … жасау қолымнан келді;
- … туралы білу қызықты болды;
- … мені таң қалдырды;
- мен … жасағым келді және т. с. с.
|