Жұптық және топтық ойынның қозғалыс дағдысыМақсаты: Түрлі жарақаттардың алдын алу үшін нұсқаулықты ескетүсіру, жұптық және топтық жұмыс арқылы волейболдағы қозғалыс дағдыларын жетілдіру, сабақты жүзеге асыру үшін сынамалау жаттығуларын орындату, оқыту мақсаттарын шешу.
Сипаттама: Оқушылар нұсқаулықпен жеке танысады, шағын топтарда жұмыстана отырып сабақ тақырыбын жүзеге асырады.
Мұғалім әрекеті:
Сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді;
Бейнематериал көрсетеді;
Жақындату жаттығуларын волейбол добымен ұйымдастырады;
Сыныпты жұптастырады, топтастырады;
Оқушылардың доппен орындаған жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалайды;
Оқушылардың жіберген қателіктерін айтып отырады;
Жаттығуларды бір біріне көрсету барысында кері байланыс бере отырып қателіктерді түзетіп отырады;
Келесідей сұрақ қою арқылы білімді бекітеді:
Волейбол ойынында әртүрлі әдістерді білу неге маңызды?
Достарыңызбен бөлісу: |