(Мұғалім оқушылармен амандасады.
Содан кейін ол оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады: - командалық табысты жетілдіру үшін сендерге қандай дағдылар қажет? - командалық ойынды қалай жақсартуға болады?
- көшбасшы қандай қаситеттерге ие болу керек?
- көшбасшылық дағдыларды дамыту үшін қандай стратегия және тактика ойлап табуға болады?
Мұғалім оқушылармен бірлесіп сабақ тақырыбын шығарады «Жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдылары».
Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады. Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады. Жетістік критерийлері мен оқу мақсаттары құрылып болған соң
мұғалім оқушылар арасынан көшбасшыны таңдап оған қозғалыста ЖДДЖ (жалпы дене дайындық жаттығулары) және бір орында АФЖ (арнайы физикалық жаттығулары) өткізуге ұсынады.
Дайындық жаттығуларын орындап болған соң мұғалім оқушыларға презентацияны көруге ұсынады.
Презентацияны тамашалап болған соң мұғалім оқушыларға ноутбуктерді таратып, қажетті сілтемені ашуды ұсынады.
Оқушылар сілтемені ашып ішіндегі ақпаратпен танысады.
Мұғалім сыныпты 3 топқа бөледі де әр топтың көшбасшыларына тапсырмасы бар қима қағаздарды таратып береді. Көшбасшылар тапсырмаларымен танысып оны қалай орындау керек екенін оқушыларға түсіндіреді.
«Эстафета». Баскетбол доптарымен берілген тапсырмаларды орындайды.
Тапсырманың дескрипторлары:
- ҚТ ережелерін сақтайды;
- жаттығуларды орындаған кезде аралық пен ара қашықтықты сақтайды;
- доптан айырылып қалмауға тырысады.
Сұраңыз: Бұл жаттығулар қандай физикалық қасиеттерді дамытады?
Мұғалім оқушыларға ноутбуктерді таратып, қажетті сілтемені ашуды ұсынады.
Оқушылар сілтемені ашып ішіндегі ақпаратпен танысады.
«Стритбол» спорттық ойыны.
Ойын барысында оқушылардың жетекшілік дағдылар мен командада жұмыс істеу дағдыларын бағалаңыз.
Тапсырманың дескрипторлары: - ҚТ ережелерін сақтайды; - ойыншылар ойын кеңістігінде бағдар жасай алады; - «Стритбол» ойынының ережелерін бұзбайды.
Сұраңыз: Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады?
Рефлексия. Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:
нені білдім
неге үйрендім
не түсініксіз болып қалды
тағы немен жұмыс істеу қажет
Оқушылар стикерлерге жаңадан алған ақпаратты жазып өз пікірлерін білдіріп мүғалімге тапсырады.
|
Үлкен бос кеңістік.
Презентация.
Ноутбуктер.
Ресурсқа сілтеме:
https://www. youtube. com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Y Файл: тапсырмалары бар қима қағаздары «Эстафета». docx»
Ресурсқа сілтеме:
https://www. youtube. com/watch?v=9tUxrBZhrKI
Баскетбол доптары.
Стикерлер, маркерлер, қаламсаптар.
|