Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау



бет8/27
Дата13.01.2023
өлшемі1,19 Mb.
#61241
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
4

  • 5

    Мақсаты. Ағашты көркемдеп өңдеудің ерекшеліктерімен таныстыру. Материалдарды дұрыс таңдай білуге үйрету, құрал-саймандардың қызметімен таныстыру. Ұлттық қолданбалы қолөнер технологиясын меңгертіп, оқушылардың шеберліктерін шыңдау.
    Тәрбиелік мақсаты. Оқушыларды ұлттық қолөнерді қадірлеуді, ұлттық салт-дәстүрді сақтап, қастерлеуге тәрбиелеу. Олардың бойындағы эстетикалық сезімдерін, талғамдарын дамыту.
    Дамытушылық мақсаты. Ойлау, салыстыра білу, танымдық қабілеттерін дамыту. Көз алдына елестете білу, кеңістіктік ойлауын дамыту
    Ара ағаш кесу үшін қолданылатын құрал.
    Аталғы екі қолмен ұстап, ағаштың қабығын аршитын қисық пышақ.
    Байтесе шаңырақ ағашын беттеп шауып, белгілі қалыпқа келтіретін құрал.
    Балта өткір жүзді, ағаш шабатын сабы бар құрал.
    Жоңғы ағаш жонатын құрал.
    Қобы ағаштың бетін оюлап, өрнек салуға арналған аспап.
    Қолағаш.қазық, қада қағуға арналған құрал, тоқпақ.
    Қуысқұлақ ағшты үңгіп шабу үшін,екі шетін ішіне қарай иілдіре жасайтын шот.
    Мор үйшілердің ағашты қыздырып, ию үшін қойдың қиын тұтатып, бықсытып жаққан оты бар шұңқыр жер.
    Пышқы араның ағаш кесетін кішірек түрі.
    Сарнақ киіз үй сүйегіне (уық, кереге) сыздық салатын, әр жерінде тісі бар құрал.
    Сүргі ағашты өңдеу, тегістеу үшін қолданылатын құрал.
    Сықауырын езге салған ағашты қатты қысып, басып тұрып, түзейтін не бүгетін ағаш құрал.
    Тез киіз үй сүйегін: уық, кереге т.б. жасалатын ағаштарды морланғаннан кейін, түзейтін не бүгетін ағаш құрал.
    Ұңғуыр ағашты ұңғып, белгілі қалыпқа келтіретін құрал.
    Үскі ағшты тесетін іші қуыс біз.
    Шапашот имек ағашқа сапталған, ағаш шабатын құрал

    12 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу.


    Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен таныстыру. 
    Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу. 
    Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру. 
    Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ. 
    Сабақтың оқыту әдісі: Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу. 
    Көрнекілік: пышақ , сызғыш, қалам. 
    Жоспары: 
    1. Ұйымдастыру кезеңі. 
    а) Оқушыларды түгелдеу 
    ә) Жұмысты ұйымдастыру 
    2. Өткен материалды қайталау. 
    3. Жаңа сабақ. 
    4. Сарамандық жұмыс 
    5. Бекіту 
    6. Бағалау 
    7. Үйге тапсырма 
    Сабақтың барысы: Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата – бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан – теңіз. Ата – баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматық, ұлттық парызы. Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал – сері, тігінші, өрімші, балгер – бақсы өтті.
    Сымнан сақина жасау технологиясы:
    1. Сымның шетін жұмыр тістеуікпен қысу, ол тістеуіктің қысқан жерінен сәл шығып тұруы тиіс.
    2. Сол қолдың бас бармағымен сымның үстіне қойып, неғұрлым тісіне жақын ұстайды.
    3. Оң қолмен тістеуікті оңға қарай айналдырып, сымды мүмкіндігінше шеңбер жасап майыстырады.Бұдан кейін жұмыр тістеуікпен қысады.
    4. Сымды қысып, дөңгелек сақинаға айналғанша майыстыра береміз.
    5. Бұйымды тазартып, өңдейміз.
    Сабакты бекіту:
    1 .Сымкәптеу дегеніміз не?
    2.Сымкәптеу өнерінің неше Typi бар?
    З.Бұралған сымды өрнек жасауға қолданар алдында неше тәсілмен таптайды?
    4.Сымға өрнекті калай бекітеді?
    5.Сымның қандай түрін білесіндер?


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет