Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау


Мақсаты: Техникалық-технологиялық мәліметтер. Міндеттері



бет6/27
Дата13.01.2023
өлшемі1,19 Mb.
#61241
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Мақсаты: Техникалық-технологиялық мәліметтер.

Міндеттері:
1.Призма формалы бөлшектердің сызбасы және долбары туралы түсінік. Оның жан-жақты (алдынан, сыртынан, оңынан, солынан) көріністері.
2.Бөлшектердің сызбасын оқу ережелері. Ағаш бөліктерін құрастыру тәсілдері (кесу, қима, ұштама, тесік арқылы).
3.Арамен кесудің тәсілдері (көлденең, ұзынынан, қиғаштап кесу).
Көрнекілік. Ағаштан және темірден жасалған дайын материалдар. Техникалық еңбек бойынша оқу кестелері. Техника қауіпсіздігін сақтау бойынша плакаттар.
Құрал-жабдықтарСлесарлық құралдар.
Топсеруен. Ағаш және темір өндейтін шеберханалар.
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Өткенді еске түсіру
ІІІ.Практикалық жұмыс. Бөлшектерді сызбаға қарап құрастыру. Құрастыру сызбасын оқып түсіну. Жұмысты жоспарлау. Құрастыруға керекті материалдарды дайындау. Құрастырылған бөлшектерді қолмен құм қағаз арқылы өңдеу, тегістеу, бұрандалар арқылы бекіту. Бақылау және өлшеу құралдарымен жұмыс істеу.
Призма формалы бөлшектердің сызбасы және долбары туралы түсінік. Оның жан-жақты (алдынан, сыртынан, оңынан, солынан) көріністері.
Бөлшектердің сызбасын оқу ережелері. Ағаш бөліктерін құрастыру тәсілдері (кесу, қима, ұштама, тесік арқылы).
3Арамен кесудің тәсілдері (көлденең, ұзынынан, қиғаштап кесу).
Қозғалыс берілісінің механизмі туралы түсінік. Тісті және белдікті беріліс. Бұрандалы механизм. Қол бұрғы: құрылысы, қолданылуы.
Оймалы біріктіру және олардың қолданымы. Оймалар кесу құралдары. Металдарды қиыстырып өңдеу. Металдардың механикалық қасиеттері. Өлшейтін және бақылау жасайтын құралдар. Электр шарыққа құралдарды қайрау.
Сабақты бекіту
Сұрақ-жауап әдісі
Үй тапсырмасы
Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету

10 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қашаумен өрнек ою.



  • Мақсаты. Ағашты көркемдеп өңдеудің ерекшеліктерімен таныстыру. Материалдарды дұрыс таңдай білуге үйрету, құрал-саймандардың қызметімен таныстыру. Ұлттық қолданбалы қолөнер технологиясын меңгертіп, оқушылардың шеберліктерін шыңдау.

Тәрбиелік мақсаты. Оқушыларды ұлттық қолөнерді қадірлеуді, ұлттық салт-дәстүрді сақтап, қастерлеуге тәрбиелеу. Олардың бойындағы эстетикалық сезімдерін, талғамдарын дамыту.
Дамытушылық мақсаты. Ойлау, салыстыра білу, танымдық қабілеттерін дамыту. Көз алдына елестете білу, кеңістіктік ойлауын дамыту.
Сабақ үлгісі. Аралас.
Сабақтың өтілетін жері. Мектеп шеберханасы.
Керекті құрал – жабдықтар. Арнаулы өрнек кесетін пышақтар топтамасы, ара, сүргі, шапқылар, ағаш балға, әртүрлі пішімді егеулер, құмқағаз, қарындаш, сызғыш, ою-өрнектер үлгілері, көшірме қағаздар,т.б.
Пән аралық байланыс. Бейнелеу өнері, сызу, тарих.
Сабақ барысы
• Ұйымдастыру кезеңі 
• Үй тапсырмасын тексеру 
• Жаңа материалды баяндау, түсіндіру 
• Сарамандық тапсырмаларды орындау 
• Сабақты қорытындылау 
• Үйге тапсырма
Сабақты болашақта ағаштан жасалатын бұйымның қандай мақсатта қолданылатынын және оның пішімі, көлемі қандай әрі оған қандай ою-өрнек түсіруге болатынын анықтап алу керектігінен бастаймын. 
Және де бұл жұмысқа шығармашылықпен қарап, кірісулерін ескертемін. 
Жасалатын бұйымды анықтап алған соң оның көрнекті кескінін салып, осы сурет бойынша бұйымның технологиялық картасын сызуды және қажетті материалды қалай таңдап алу керек екендігін түсіндіруден бастаймын. 
.Жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын естеріне саламын. 
Ағаш ою үшін ағаштың көптеген түрлерін қолданады. Тұрмыста қолданылатын ыдыс – аяқтарды жасау үшін терек, көктерек ағштарын жиі пайдаланады. Өйткені олар жұмсағырақ, кесуге, өңдеуге оңай көнеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет