Сақтардың дүниетанымыны ерекшеліктерін талдау арқылы оқушылардың келесі зерттеу сұрақтарына жауап беруін ұйымдастырыңыз.
Ал, қазақ халқының ежелгі бабалары болып келетін сақтардың, көшпенділердің дүниетанымына, діни наным-сеніміне келер болсақ, ғалымдар қазірге дейін толығымен зерттемегендіктен шешімді пікірге келе алмай отыр. Сақтардың қазірге дейін табылған мұраларына қарағанда, олар да басқа халықтар секілді табиғаттың тылсым күштеріне – күнге, оның күркіреуіне, нажағайға, жел-дауылға табынған, осынау құбылыстар оларға Құдай бейнесі секілденіп көрінген. Сондай-ақ жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруағына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сыйыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қайымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән сол қауымның жеріндегі зиратында атқарылатын күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Сондай-ақ таулы Алтай мен Қазақстан аумағындағы сақтар зираттарын ашып-қазу сақ қоғамының ерекше ақсүйек өкілдері үшін мәйіттерді бальзамдау мен мумиялау қолданылғанын көрсетеді.