Білім беру ұйымының атауы
|
|
Пәні:
|
|
Бөлім:
|
5.2. Ежелгі көшпелілер өмірі
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 5
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.
Зерттеу сұрағы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен Қазақстанның ежелгі тұрғындары шаруашылығының негізгі түріне айналды?
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
5.4.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру;
5.2.2.6 көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу
|
Сабақтың мақсаты
|
көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру;
көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
|
БЫМ Оқушыларға төмендегідей суретті ұсыныңыз.
Олар бұрыңғы білімдеріне сүйене отырып өз ойларын түсіндірулері керек.
Нені көрдіңіздер?
Бұл сурет қай кезде салынуы мүмкін?
Бұл сурет бізге қандай ақпарат береді?
М Оқушылардың болжамдарын тыңдап, сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз.Бұл суретті ежелгі адамдардың салғанын және олардың жабайы жануарларды қолға үйрету арқылы төрт түлік малды асырағандығы жайында қысқаша мәлімет беріңіз.
|
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
|
мадақтау
|
|
Жаңа білім
|
Оқушыларғатемір дәуірінде кең дами бастаған көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілік туралы ықшамдалған мәтін ұсыныңыз.
Оқушылар берілген мәтін бойынша төмендегідей нұсқаулықты басшылыққа алып өз ойларын негіздейді.
қөшпелілердің маусымдық көшу бағыттарын;
қыстау неге көктеуге жақын болғанын;
жайлаулар неге алыс болғанын;
мал шаруашылығының адамдар үшін тиімді болғанын;
шаруашылықтың Қазақстан жерінде үш бағытта дамығанын;
Өз ойларын толықтыру мақсатындакөшпелі мал шаруашылығы негізгі шаруашылық түріне айналғандығына кем дегенде 2 дәлел келтіреді.
М Оқушыларға өз дәлелдерін сынып алдында оқытып, сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз.
Сынып оқушылары төрт түлік мал туралы мәтін ұсыныңыз. Барлық топтар мәтінді оқып, мынадай сұрақтарға жауап берулерін сұраңыз.
Неліктен көшпелілер төрт түлік малды өсірген?
Көшпелі мал шаруашылығының негізгі шаруашылық түріне айналу себебі неде?
көшпелілермал шаруашылығынан қандай өнімдер алған?
Көшпелілердің өндірген өнімдері арқылы әлемдік өркениетке қалай үлес қоспақ?
«ПТМС» әдісі арқылы дәлелдейді.
Позиция (біз солай санаймыз,....)
Түсіндіру(....себебі...)
Мысал (біз мұнымынадаймысаларқылыдәлелдей аламыз....)
Салдар (айтылғанмәселебойыншамынандай қорытынды жасаймыз....)
|
Мәтінмен жұмыс
Мәтіннен негізгі идеяны анықтайды
Дискрипторы:
көшпелілердің маусымдық төрт көшу бағыттарын түсіндіреді;
мал
шаруашылығының адамдар үшін тиімді болғанына кем дегенде екі дәлел келтіреді;
Қазақстан жерінде шаруашылықтың кем дегенде екі бағытын анықтайды;
Дискрипторы:
Көшпелі мал шаруашылығының негізгі шаруашылық түріне айналу себебіне кем дегенде екі дәлел келтіреді;
көшпелілер мал шаруашылығынан алынған өнімдердің маңыздылығына кем дегенде екі дәлел келтіреді;
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Ең үздік жауап»
«Алақан-жұдырық»
«Жұлдызшалар»
|
Жұмаханов, Т.Жұматаев Б. Ежелгі Қазақстан.Алматы: Аруна, 2011.-224б.- (Қазақстан балалар энциклопедиясы).
Қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі бар
Феномен кочевничества в истории Евразии. Номадизм и развитие государства
(Сборник материалов Международной научной конференции ). Дайк пресс. 2007
«ПТМС»
|
Бекіту
|
Сабақты қорытындылау
Оқушылар «Көшпелілердің көшпелі мал шаруашылығымен айналысу себебі неде» деген тақырыпта мынадай «көшпелілер, төрт түлік, егіншілік, мал шаруашылығы, ауа-райы» деген кілт сөздерді қолданып шағын эссе жазады.
Критерийлері:
Кіріспе сөз;
Барлық кілт сөздерді қолдану;
Эссе 50-70 сөз көлемін қамту;
Кем дегенде 2 дәлел келтіру;
Қорытынды ой;
Үйге тапсырма Оқушыларға эссенің кіріспе бөлімін сыныпта жазып, қалған білімін үйге тапсырма ретінде беріңіз
|
Сабақтың тақырыбын қорытындылау
|
«Ең үздік жауап»
|
Ақпараттық карточка
|
Кері байланыс
|
көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуы маңызды, себебі ...
көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуы маңызды емес, себебі ...
екі ойлымын ...
|
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
|
Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды
|
А4, конспект
|