Білім беру ұйымының атауы
|
|
Пәні:
|
Қазақстан тарихы
|
Бөлім:
|
Қазақ халқының шығу тегі
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 10
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
10.2.1.1 -Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдалану;
|
Сабақтың мақсаты
|
Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық үдерістерді түсінеді.
Қазақ этносының қалыптасуы – көп ғасырларлық этникалық процестердің нәтижесі екенін ұғынады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
|
Тақтаға тақырыпқа байланысты негізгі кілтті сөздер жазылады. Оқушылар бұл ұғымдарға қатысты өз ойларын білдіреді.
«Этнос»
«Этногенез», ,
«Антропогенез»
Оқушыларға сабаққа байланысты глоссарий беріледі.
|
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
|
Мадақ тау
|
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра, 2010
|
Жаңа білім
|
Зерттеу сұрақтары:
1.Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық процестер қалай жүрді?
2. Қазақстандағы этникалық процестерді қандай кезеңдерге бөліп қарастырамыз?
3.Қазақстан аумағындағы этностардың қалыптасуына қандай факторлар әсер етті?
4. Қазақ халқы қалай қалыптасты?
Оқушыларға кез-келген этностың қалыптасуы белгілі бір даму үдерісінен өтетіні, шарықтау және күйзеліс кезеңдерін бастан кешіретіні туралы түсінік қалыптастыру. Этностың өмірлік циклін ұсыну:
1. территорияны анықтау;
2. территорияда бір немесе бірнеше этностардың өмір сүруі;
3. белгілі бір этностың пайда болуы туралы аңыз-дастандардың орын алуы;
4. этностың күшейе бастауы;
5. этностың шарықтау кезеңі;
6. этнос дамуының бәсеңденуі;
7. тұрақтылық.
Оқушыларға қазақ халқының қалыптасу үрдісін осы негізде көрсетуге тапсырма беріледі.
Этностың негізгі белгілері қандай?
Оқушылардың жауаптарынан соң төмендегі этностық белгілерді ұсыну:
Этностың атауының қалыптасуы;
Аумақтық орналасуы, мекендеген аумағының қалыптасуы;
Этникалық сана, өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;
Ортақ тілдің қалыптасуы;
Нәсілдік белгілердің ұқсастығы, өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.
Ортақ мәдениет, өзіне тән мәдениетінің қалыптасуы.
|