2.1.1.1-музыканың көркемдеуші құралдарын және
музыканың сипатын анықтау;
2.1.2.2 -ансамбльде музыкалық аспаптардың көмегімен шығарманы қарапайым ырғақпенсүйемелдеп орындау;
2.3.1.1 -шығармашылық жұмысын көрсете және бағалай білу;
Сабақтың мақсаты:
-музыканың көркемдеуші құралдарын және музыканың сипатын анықтайды;
-ансамбльде музыкалық аспаптардың көмегімен шығарманы қарапайым ырғақпенсүйемелдеп орындайды;
-шығармашылық жұмысын көрсетеді және бағалай біледі;
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі (уақыты)
Педагог әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Үш тілде амандасу «Шыбын ұрғыш» әдісі -Ас-адамның......./жалғастыр/
-f p бұл қандай белгілер?
-Дастархан ау дастархан,
Берекелі дастархан...../жалғастыр/
-Бұл қандай аспап?
-Күй дегеніміз не?
-Қандай салт -дәстүрлерді білесіңдер?
-Бала дүниеге келгенде ең алғаш қандай той жасайды?
-Ол тойда қандай ырымдар орындалады?
-Баланы ұйықтатуға,тыныштандыруға арналған көне тұрмыс-салт жыры?
Салт-дәстүр-халқымыздың ежелден қалыптасқан тұрмыс-тіршілігіндегі әртүрлі ғұрыптар,ырымдар.
Фольклор-халықтың ауызекі шығармашылығы./Ертегілер,аңыз әңгімелер,батырлар жыры,айтыс,мақал-мәтелдер т.б/
Халқымыздың музыкалық өнері салт-дәстүрімізбен тығыс байланысты.
Мысалға:
Бала дүниеге келгенде «Сүйінші », «Шілдехана тойы», «Ат қою», «Бесік жыры».
Бала ержете....
«Тұсау кесу», «Тоқымқағар».....
1-тапсырма. Тыңдау және талдау «Бесік жыры» халық әнін тыңдаңыздар.
Талқылаңыздар:
- Әннің сипаты қандай?
- Әннің екпіні қандай?
- Әннің әуені қандай?
- Қандай әндерді халық әні деп - атайды?
2-тапсырма. Шығармашылық. «Бесік жыры» әніне ырғақтың сүйемелдеу жасаңыз. Қазақтың ұрмалы аспаптарын немесе қолда бар заттарды қолданыңыз.