2.1.1.1-музыканың көркемдеуші құралдарын және
музыканың сипатын анықтау
2.3.1.1-шығармашылық жұмысын көрсету және бағалай білу;
Сабақтың мақсаты:
Барлығы: Ұлыстың ұлы күні Наурыз туралы мағлұмат алады.
Көпшілігі: Б.Бейсенованың «Құтты болсын Әз-Наурыз» әнін үйрене отырып,музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтайды және салыстырады.
Кейбірі: Шығармашылық жұмыс жасайды.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі (уақыты)
Педагог әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Амандасу. «Шыбын ұрғыш» әдісі -Күй дегеніміз не?
-Ойналу әдісіне қарай қандай түрлерге бөлінеді?
-Күй тартыс дегеніміз не?
-Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын атаңдар?
- Қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?
1-тапсырма. Ақпарат ізде «Наурыз» Наурыз - түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық және наурызкөже жасау мерекесі. Бұл күні қазақтарда наурыз жырын айтып, наурыз мерекесін өткізеді. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін қүрылған Кеңес өкіметі бұл мерекені діни кертартпа рәсім деп тауып, 1926 жылдан ресми тойлауға тыйым салды. Тек елімізде демократиялық ағым бел ала бастаған 1988 жылдан бүкілхалықтық мейрам ретінде атап өтілетін болды. Абай «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген тарихи мақаласында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың сонау «хибаги», «хүзағи» деп аталған заманға дейін апарып: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың Ұлы күні» дейді екен», - деп жазады. Ақын Наурыз тойын дінге жанастырмай, кектем мерекесі екенін ашық жазады да, «Ұлыстың Ұлы күні» деген сөздің өз заманында алғашқы мәнін өзгертіп, Құрбан айтқа байланысты айтыла бастағанын ескертеді.
2-тапсырма. Әнді тыңдау,үйрену
2.1.1.1-музыканың көркемдеуші құралдарын және
музыканыңсипатын анықтау;
2.1.2.2 -ансамбльде музыкалық аспаптардың көмегімен шығарманы қарапайым ырғақпенсүйемелдеп орындау
2.1.2 1-түрлі сипатты әндерді ән айту ережесін сақтап орындау;
Барлығы: Табиғат мезгілдеріне сипаттама береді және үнтаспа арқылы табиғат дыбыстары мен құстар дыбыстарын ажырата алады.
Көпшілігі: Түрлі сипатты әндерді ән айту ережесін сақтайды,ансамбльде музыкалық аспаптардың көмегімен шығарманы қарапайым ырғақпен сүйемелдеп орындайды.
Кейбірі: музыканың көркемдеуші құралдарын музыканың көркемдеуші құралдарын анықтай отырып,шығармашылық жұмыстар жүргізеді.
«Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік, сенімділік, рахаттану, алаңдау).
Сыныпта талқылау
Берілген суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беріңіз:
- Күйде қай жыл мезгілі бейнеленген?
- Қандай табиғи дыбыстарды ести аласыздар? Неліктен?
- Бұлақ қалай бейнеленген? Қозғалысы қандай музыкалық көркем құралдар арқылы берілген?
- Көтемде табиғат қалай өзгереді? Неліктен?
Жауабыңызды түсіндіріңіз..
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.